Сейсенбі, 23 сәуiр, 15:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда балалардың 20%-ы артық салмақтан зардап көріп отыр — ДДСҰ

14.11.2022

637 0

Қазақстанда жеті жасар балалардың 20%-ы артық салмақтан зардап шегіп отыр. Бұл проблема қыз балаларға (17%) қарағанда ұлдар (27%) арасында жиі кездеседі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қоғам денсаулығын сақтау ұлттық орталығының хабарына сүйене отырып.

Статистиканы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасаған. Онда Еуропа өңірінде балалардың 29%-ның артық салмағы бар екені айтылады. Қазақстанға қатысты статистика осы аймақтың статистикасына енгізілген. 

Сарапшылар артық салмақ пен семіздік балалардың денсаулығына кері әсер етеді, түрлі жұқпайтын ауруға түрткі болады дейді. Мысалы, жүрек-қан тамырлары жүйесі зақымданады, бала диабет пен ракқа шалдығуы мүмкін. 

Қоғам денсаулығын сақтау ұлттық орталығының ғылым және кәсіби білім бөлімінің бас маманы Шынар Әбдірахманованың сөзіне сенсек, мұндай жоғары көрсеткішке қарамастан, елімзде семіздікке қарсы шаралар жүрігізіліп жатыр. 

“Күнде балалардың 37%-ы жеміс, 33%-ы көкөніс жейді. Елде зиян тағамдардың жарнамасына шектеу қоятын түрлі бастамалар жасалды. Қант қосылған сусындарға заң арқылы акциз салу мәселесі, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепте дұрыс тамақтану жүйесін енгізу мәселесі қарқынды қаралып жатыр”, – дейді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: