Сәрсенбі, 05 қараша, 17:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар кредитті не үшін алады?

05.11.2025

52 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Журналистердің сұрағына жауап берген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтар не үшін кредит алады деген мәліметті жариялауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз бұл құрылымды қадағалаймыз және ақпаратты бөлісе аламыз. Қажет болса, оны жариялап, әркімге динамиканы көріп отыруға мүмкіндік береміз, – деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, жылдық орташа көрсеткіш бойынша, тұтыну өнімдері үшін берілген кредиттер жалпы көлемнің шамамен 10%-ын құрайды. Ұзақ мерзімді тұтыну тауарлары, мысалы, жөндеу жұмыстары, тұрғын үйді жаңарту, білім алу және денсаулық сақтау сияқты бағыттар бойынша берілген кредиттер шамамен 20%-ға жетеді.

Жалпы, тұтынушылық кредиттердің құрылымы осындай. Егер бұл деректер әлі қолжетімсіз болса, біз оларды агенттіктің ресми сайтында жариялай аламыз, – деді Мәдина Әбілқасымова.

Редакциямыз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан елімізде тұтынушылық кредитті беруге қатысты қандай да бір өзгерістердің бар-жоғын сұрады. Белгілі болғандай, Қазақстанда тұтынушылық несиеге жаңа шектеулер енгізіледі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: