ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс – шарасы басталды.
Іс-шара барысында қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс шара барысында барлығы 35 заң бұзушылық анықталды. Атап айтқанда:
ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 3,4,5,7 бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының 22 азаматына шара көрілді.
Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 11 – дерегі, ҚР азаматына ескерту жасалды және ӘҚБтК-нің 519 бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 1 ҚР азаматына айыппұл салынды.
Өзбекстан Республикасының 1 азаматына Азаматтық процессуалдық кодексінің 382 бабы (Шетелдікті немесе Азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның шегінен тыс шығарып жіберу) елден алыстатылды.
Осыған байланысты, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріліп, тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылдануда.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!