Бейсенбі, 18 маусым, 22:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

«Түнгі қаладағы балалар » жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді

17.06.2026

10 0

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің   Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және профилактикасы, соның ішінде кәмелетке толмағандар тарапынан кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында 2026 жылдың 18-20 маусым аралығында қала көлемінде «Түнгі қаладағы балалар » жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізі мақсаты заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген, алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, оларда қару және шанышпалы-кесетін заттарды алып жүру фактілерін анықтауға басты назар аудара отырып, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың жолын кесу.

 Құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды анықтау және полиция органдарына есепке қою, «Тәуекел тобындағы» отбасылар (тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бар; соттылығы бар; толық емес, жедел жұмысты қажет ететін адамдармен қысқа мерзімге бірге тұруға жол беретін және басқалары) анықтау;

 Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделей отырып, заңды өкілдермен әңгімелесу жүргізе және құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда заңды шаралар қабылдай отырып, полиция органдарында есепте тұрған, кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру;

Кәмелетке толмағандардың атыс қаруын және суық қаруды сақтау деректерін анықтау болып табылады.

Ерназарова Алия Бабабековна, полиция подполковнигі, Қызылорда КПБ ККб ЮПб аға учаскелік полиция инспекторы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: