Бейсенбі, 10 қазан, 09:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жариялады

09.03.2021

1008 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,00% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.  Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,00% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,00%болады. Шешім азық-түлік нарықтарындағы сақталып отырған теңгерімсіздіктерге, сыртқы сектордағы жоғары белгісіздікке, сондай-ақ инфляцияның жылдамдау тәуекелдерінің болуына байланысты экономикадағы басым проинфляциялық қысымға негізделген. Халықтың инфляциялық күтулері тұрақталмаған және жоғары деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар тұтынушылық сұраныс тарапынан дезинфляциялық әсердің біртіндеп әлсіреуі күтілуде, бұл эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы жағдайында экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне байланысты болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: