Жаңақорған ауданында агроөнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – жаңа құс фабрикасының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде «Абдулла» шаруа қожалығы ОО «Союз Пром Птица» мекемесімен бірлесіп, жылына 5,5 мың тонна құс етін өндіретін заманауи құс фабрикасын салуда.

Жобаның жалпы құны 5,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде инвестор тарапынан
1,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Жоба толық іске қосылған кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда құс фабрикасының құрылыс жұмыстары 98 пайызға аяқталған. Нысанды 2026 жылдың шілде – тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.
Бүгін аталған нысанның құрылыс барысымен облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы ұйымдастырылған пресс-тур аясында танысып, жобаның жүзеге асу барысын көрді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
