Бейсенбі, 25 маусым, 21:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік туындайды

25.06.2026

48 0

Фото: pixabay.com

Қазақстанда жалған ақпарат тарату фактілері бойынша құқық қолдану тәжірибесі қалыптасып келеді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 5 айында ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы (Жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату) бойынша 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша 20 қылмыстық іс тіркеліп, олардың бір бөлігі сотқа жолданды.

Талдау көрсеткендей, жауапкершілікке тартуға тек бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердегі хабарламалар, пікірлер, бейнероликтер және өзге де пайдаланушы контенті негіз болуы мүмкін.

Соңғы мысалдардың қатарында, төтенше жағдайлар туралы жалған мәліметтер тарату, шынайы оқиға ретінде көрсетілген қойылымдық бейнероликтер жариялау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының қызметі туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату жағдайлары бар.

Жасанды интеллект технологияларын қолдану жағдайларына ерекше назар аударылады. Нейрожелілер арқылы суреттерді, аудиожазбаларды және бейнероликтерді генерациялау авторды оларды таратудың салдары үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер мұндай контент азаматтарды адастырса, үрей туғызса немесе шынайы оқиға ретінде ұсынылса, оның жариялануына міндетті түрде құқықтық баға беріледі.

Әрбір жарияланымның нақты авторы бар, ал кез келген резонансты жалған ақпарат соңында цифрлық із қалдырады.

Сот және әкімшілік тәжірибе көрсеткендей, құқықтық шаралар парақшаның жазылушылар санына, аккаунттың танымалдығына немесе қолданылған технологияларға қарамастан қабылданады.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы кез келген тексерілмеген хабарламаларға сын көзқараспен қарап, күмәнді дереккөздерден алынған мәліметтерді таратпауды ұсынады. Есіңізде болсын, аудиторияның назарын аударуға ұмтылу жарияланатын ақпараттың шынайылығы мен дұрыстығы үшін заң алдында жауап беру міндетінен босатпайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: