Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алматы облысында оқушы мен мұғалімнің жанжалдасқан видеосы тарады

28.04.2022

711 0

Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы мектептердің бірінде мұғалім мен оқушының жанжалдасып жатқан видеосы тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға №6 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі мен сегізінші сынып оқушысы арасында болған. Жанжалдың себебі белгісіз.

Видеода оқушы қыз мұғалімін балағаттап жатқаны естіледі. 

Кейін олар бір-бірін жұлқып, одан сайын жанжалдаса бастайды. Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.

«Оқиға 11 сәуірде болған. Осы оқиғадан кейін мектепте әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы да шақырылды. Кеңес барысында тараптар татуласты, бір-біріне талап-арызы жоқ. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Айта кету керек, ол өтінішінде 2022 жылдың ақпанынан бері денсаулығы нашарлағанын жазған», – деді ведомство өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Талдықорғанда оқушы сабақ кезінде мұғалімді балағаттаған болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: