Сейсенбі, 16 сәуiр, 16:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Алтын діңгекті жылы ұя

10.09.2022

776 0

Бүгінде өңірде мемлекет пен жеке бизнес секторының арасында тығыз байланыс орнағаны белгілі. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде білім саласында жағымды жаңалықтар көбейіп келеді. Қазіргі таңда облыс орталығында 20 жеке мектеп қызмет көрсетеді. Сол игілікті істердің жалғасы ретінде «Bаiterek School» мектебі есігін айқара ашты. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған білім ошағы қаламыздың Шанхай мөлтек ауданынан салынған.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, білім саласының ардагерлері, мектеп директорлары қатысты.

Жаңа мектептің ашылу салтана­тына зиялы қауым өкілдері, білім саласының ардагерлері, мектеп директорлары қатысты.

Мұндағы оқу процесімен та­нысқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім ордасын ашуға ниет білдірген жанашыр меценатқа алғысын жеткізді.

– Адами капиталды дамыту сол арқылы білім саласын жетілдіру – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылғы Жолдауында білім беру жүйесіне ерекше тоқталып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз» – деп атап өтті. Бұл бағытта Сыр өңірінде қарқынды шаралар атқарылатын болады. Биылдың өзінде 4350 орынға арналған 6 мемлекеттік, 3 жеке мектеп пайдалануға берілуде. Алдағы үш жылда аймақта 32 мектеп салынса, оның 12-сі жеке мектеп. Осы мектептен шыққан түлектер Сыр өңірінің атын әлем­ге танытатын, өзіндік дара қол­таңбасы бар лайықты азамат болып тәрбиеленсін!, – деді Н.Нәлібаев.

1500 орындық білім ордасында 120 педагог және 30 техникалық қызметкер бар. Бүгінгі күні мек­тепте 720 оқушы білім алады.  Мұнда өрендер үшін барлық жағдай жасалған. Олардың демала­тын, тамақтанатын орны, сабақ оқитын кабинеттері талапқа сай жасақталған.

– Мектеп 1 ауысымдық оқу­мен қамтылған. Әр сыныпта 24-25 оқушы  бар. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы бала­ларынан шыққан 187 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Заманауи үлгіде салынған мектеп жаңа үлгідегі  оқу кабинеттермен, панель тақталарымен және STEM лабораториясы және физика, хи­мия, биология, ал технология ұлдар, қыздар кабинеттерімен жабдықталған. Ақысыз негізде қазіргі уақытта 530 оқушы бар. Мектепте жаратылыстану ма­тематика бағытында тереңдетіліп окытылады, – дейді «Bаiterek School» мектебінің директоры Бақытжан Иманбердиева. 

«Келешектің кілті – білімді ұрпақтың қолында» деген қағидат біздің аймақта берік қалыптасқан. Міне, соның дәлелі – тағы бір жаңа мектеп ел иігіліне берілді. Елдің болашағы – балалар заманауи технологиямен жабдықталған жаңа ғимаратта сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: