Жексенбі, 05 мамыр, 01:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Білім алушы көп» Қазақстанның тағы бір мектебінде оқушылар қысылған

08.09.2023

377 0

Астанадағы мектептердің бірінде оқушылардың қысылып қалғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлеуметтік желіде астаналық мектептердің бірінің баспалдағында түсірілген сурет пайда болды. Жазба авторының айтуынша, сурет үзіліс кезінде түсірілген.

Астана Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, суретте кейінгі 5 жылда үш ауысыммен жұмыс істеген №59 мектеп-лицейі бейнеленген.

«2023 жылғы 4 қыркүйекте №59 мектепте білім алушының көп болуына байланысты үзіліс кезінде оқушылардың қозғалысына қатысты мәселе туындаған. 5 қыркүйектен бастап кабинеттік жүйе уақытша тоқтатылды. Қазір сабақтар өздеріне бекітілген кабинеттерде өтіп жатыр. Жоғары сыныптар сабақ кестесіне сәйкес мамандандырылған кабинеттерге көшеді. Қазір бұл мәселе шешілді», – деді ведомство өкілдері.

Жаңа оқу жылында мектеп жанынан 1200 оқушыға арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілген.

2023 оқу жылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектептің маңында тағы бір мектеп салынып, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, билік өкілдерінің айтуынша, қалада №59 мектеп-лицей орналасқан Есіл ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 «жайлы» мектеп салынады.

Еске салайық, Көкшетаудағы мектептердің бірінде оқушылардың дәлізде қысылып қалғаны бейнеленген видео тарап еді. Білім басқармасы тергеу жүргізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: