Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Биыл балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өсетін болды

21.04.2023

927 0

1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне түзету жобасын әзірледі.

Құжатқа сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің лауазымдық жалақысының белгіленген мөлшеріне 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерінде түзету коэффициентін белгілеу қарастырылған. Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 27 799 880 мың теңге қаражат қажет.

Жоба 2023 жылдың 5 мамырына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

2023 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан үкіметі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізді. Соның арқасында осы санаттағы қызметкерлердің жалақысы өсті.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің (тарифтік ставкалары) БҚ белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: