Сенбі, 27 сәуiр, 00:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде Ахмет Байтұрсынұлы атында бір ауыл, 200 көше, 39 мектеп бар

05.09.2022

711 0

Қазақстанда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілген бір ауыл, 200 көше, 39 мектеп, 1 әуежай және 1 музей бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің министрлік ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 12 томдық шығармалар жинағын шығарып, республикалық, облыстық, аудандық кітапханаларға таратады. Сонымен қатар ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық метражды көркем фильм түсіріледі. Ахмет Байтұрсынұлының есімі республика көлемінде 1 ауылға, 200-ден астам көшеге, 39 мектепке, 1 әуежайға және 1 музейге берілген. Сондай-ақ, осы айда Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын жас мамандарға насихаттап, кітапхананың мәртебесін көтеру мақсатында кітапханашылардың республикалық төртінші слеті өтеді», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елордада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткен ғылыми-практикалық халықаралық конференцияда.

Одан бөлек, министр мәлімдегендей биылғы «Алтын домбыра» ақындар айтысына Ахмет Байтұрсынұлы тақырыбы арқау болмақ.

«Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының музей үйіне ғылыми реставрациялық жұмыс жүріп жатыр. Жалпы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. Ахмет Байтұрсынұлының артына қалдырған дүниесі біздің баға жетпес асыл мұрамыз», – дейді ол.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық халықаралық конференция өтті.

Аталған шара барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік сыйлықтың тағайындалатыны белгілі болды.

Одан бөлек, «Үркер» сыйлығына ағартушы атындағы арнайы номинация енгізілмек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: