Сенбі, 20 сәуiр, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар білімдерін арттырды

20.02.2023

458 0

2023 жылғы 16 ақпанда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде  кешкі мектепте білім алатын сотталғандарға биология пәнінен ашық сабақ өткізілді.

Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектептің мұғалімі Қ.Утепбергенқызының ұйымдастыруымен 8 сынып оқушыларына арналған ашық сабақ өткізіліп, слайдтар көрсетілді. Оқушылар арасында « Көру мүшесінің құрылысы», «Көрудің маңызы», «Көру қызметінің бұзылуы»,  «Көру гигиенасы» тақырыбында  «кім тапқыр», «кім жылдам»ойындары ойнатылып, сондай-ақ, тест сұрақтарына жауап  беріп, заманауи үлгіде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кубик арқылы тапсырмалар орындады. Түрлі ойындар барысында  сотталғандар өздерінің сабаққа деген бейімділіктерін көрсетіп білімдерін  арттырды.

Сабақ соңында оқушыларға көз туралы қызықты мәліметтер дайындап келу арқылы үй тапсырмасын беріп, білім алушылар  жоғары  деңгейде бағаланып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Сотталған А. есімді азаматтың айтуынша мектеп қабырғасында ала-алмаған білімдерін  түзеу мекемесінде алып жатқанына өте қуанышты. Осы уақытқа дейін «Химия», «Қазақстан тарихы», «Орыс тілі» пәндерінен сабақтарға қатысып өздерінің білімдерін арттырғанына кешкі мектеп мұғалімдеріне алғысын білдіреді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: