Дүйсенбі, 24 маусым, 14:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Енді бүлдіршіндер балабақшаға тегін барады

20.09.2023

548 0

Биыл 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік осал топтан шыққан отбасының балалары Алматыдағы мемлекеттік балабақшаларға тегін барады, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршіндер тегін тамақпен де қамтамасыз етіледі.

«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мемлекеттік бақшаларға тегін баратын болады. Сонымен қатар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектігі бар жандарға, мүгедектігі бар балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар тегін тамақпен қамтылады» – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: