Дүйсенбі, 20 қаңтар, 20:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4-2117
18.01.2025
PDF мұрағаты

«Келешек» – жас ұрпақтың болашағына жасалған инвестиция

20.01.2025

71 0

Елімізде жақында 5-18 жас аралығында балаларға арналған «Келешек» бағдарламасы басталды. Бұл ұрпақ тәрбиелеп отырған кез келген ата-ана үшін қуанышты жаңалық болды. Өйткені, мемлекеттік қолдауымен баланың кішкентай кезінен келешегіне аз-аздан белігілі бір мерзім аралығында қаржы жинауға мүмкіндік туды.
Бұл білім беру жүйесінің сапасын жақсартуға бағытталған жоба деп есептеймін. Өз кезегінде еліміздің жұмыс күшінің сапасын арттырып, еңбек нарығындағы сұранысқа сай кадрларды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы ата-аналардың қаржылық сауаттылығын арттырады. Бұл, өз кезегінде, экономикалық тұрақтылықты сақтауға ықпал етіп, ел экономиканың өсуіне жағдай жасайды.
Сонымен қатар, бағдарлама Қазақстанның білім беру жүйесіне бәсекелестік тұрғысынан оң әсер етпек. Өйткені есепшотында білім алуға қажетті қаражат жиналғанда балада таңдау болады. Осы арқылы ел ішіндегі білім сапасының артуы және шетелдегі білім алу мүмкіндіктері артады. Нәтижесінде студенттер мен ғалымдар өз әлеуетін толық пайдаланып, Қазақстанды білім мен ғылым саласындағы жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті елдер қатарына қоса алады. Шетелдік білім беру жүйелерімен ынтымақтастық еліміздің білім саласындағы ашықтықты арттырып, халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді.

Гүлшат Дүзелбаева,
Экономика және құқық институты директоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: