Сенбі, 23 қазан, 09:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83 (1785)
19.10.2021
PDF мұрағаты

Ұстазым, бар сенің қасиетің

09.10.2021

402 0

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты салтанатты шара өтті. Онда қала әкімі Ғанибек Қазантаев мереке иелерін айтулы күнімен құттықтады.

– Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қай заманда да кез келген жетістік пен жаңалықтың басында білім мен ғылым тұратындығы баршамызға мәлім. Сол жетістік пен жаңалықты да ашатын адамды, тұлға қалыптастырудағы еселі еңбектеріңіз үшін барша ұстаздар қауымына алғыс білдіремін. Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бүгінге дейін елімізде талай жасампаз жоба, жаңа бастама қолға алынып, еліміз әлемге дамудың даңғыл жолын ұстанған мемлекет ретінде танылуда. Бұл жетістіктер мемлекетіміздің білімге деген ерекше көзқарасы мен өздеріңіз сияқты өскелең ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздардың еселі еңбегі. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, бәсекеге қабілетті білімді де білікті ұлт қалыптастыру жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін, – деді қала әкімі.

Мерекелік басқосуда ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, сый-сияпатқа бөленді. Сондай-ақ өз ісіне деген адалдығын нақты іспен, нәтижелі жұмыспен дәлелдеп жүрген ұстаздар марапатталды. Атап айтсақ, қала басшысы білім саласында үздік нәтижеге қол жеткізген сала мамандары үшін ең биік марапат болып саналатын «Алтынсарин» төсбелгісін «Orda School» мектебінің мұғаліміне табыстады. Сонымен қатар жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымын ҚР Білім және ғылым министрлігінің және облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Ал педагог-қызметкерлерге қала әкімінің алғыс хаты мен қаржылай сыйақысы табысталды. Соңғы үш жылда оқушыларды сапалы білім нәрімен сусындатып, болашағы жарқын болуы мақсатында қызмет еткен Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп лицейі облыс деңгейінде «Үздік орта білім беру ұйымы» атанды.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы 55 жалпы орта білім беру ұйымында 7 мыңға жуық бала білім алуда. Оның ішінде 3-6 жас аралығындағы 21 мыңнан аса бала мектепке дейінгі мекемелермен 100 процент қамтылып отыр. Сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған «Өңірлік жол картасына» сәйкес, білім беру ұйымдарынан 1 ресурстық орталық және 1 аутизм балаларды қолдау кабинеті ашылды.

Шара соңында өнерпаздар ұстаздардың құрметіне арналған концерттік бағдарламасын қойды.

А.ҚАДЫРХАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: