Жексенбі, 24 қараша, 00:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Кітап оқу ой-өрісті кеңейтеді

06.06.2024

360 0

Заман озса де ескірмейтін, тозбайтын асыл қазына – кітап дер едім. Кітап – ақылшымыз, тегін көмекші, сырлас дос, адам ойының азығы, білімнің темірқазығы. Дегенмен қазіргі ғылым мен техника жасампаздық танытқан ғасырда кітапқа деген сұраныс қаншалықты деңгейде?

Абай айтқандай, артық ғылым расымен де кітапта. Оны ерінбей оқыған өзіне көмек етіп, өмірден орнын табуға рухани азық етеді. Себебі кітапта барлығы жазылып қойған. Жетістікке жеткен адамдардың барлығы дерлік кітаптың көмегімен жеңіске жеткен. Онда өмірлік тәжірибе, құндылық, тағылым мен тәрбие, тарих пен шежіре бар. Ол адамды тәрбиелейтін құрал. Артық ғылымды меңгерсек, әлемнің ең мықты адамы боламыз. Ел ішінде «Кітап оқыған адам теледидар көрген адамды басқарады» деген сөз жиі айтылады. Мағынасына терең үңілсек, осы рухани қазына  бізді мақсатқа апарып, мұратқа жеткізеді. Озық ойлы адамдар болашаққа аманатын тасқа да, ағаш пен тері кітапқа да жазып қалдырған. Осыдан кітаптың адамзат пайда болуымен қатар дамығанын байқауға болады. Қазіргі кезде кітап оқу қоғамдағы негізгі сұранысқа айналып отыр. Себебі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыратын кітапханалар кеңейіп келеді. Тақырып пен мазмұн жағынан байып, адамның керегіне жарайтын құнды дүниелер жарық көруде. Әсіресе кітап сүйер қауымның арасында жастар да көріне бастады. Бұған басты себеп, елімізде кітапқа қатысты әр түрлі іс-шаралар мен жобалар өткізілді. Атап айтқанда, «Бір кітап – бір әлем», «Бірге оқиық», «Оқуға құштар мектеп», «Әр қазақ оқуы тиіс 100 кітап» сияқты шаралардың оң әсері байқалды. Абай айтқан, кітаптағы артық ғылымды меңгерушілердің қатары өсті. Соның салдарынан елімізде ғылым мен білімде, басқа салаларда жетістіктер де көбейді. Жас ақындар, жазушылар қатары өсіп, жаңа туындылармен әдебиетіміз бен мәдениетіміз толығып жатыр. Қарап отырсақ, кітап тек қана рухани азық емес, адамдардың қиялын шыңдауға, ой-өрісін кеңейтуге, ой бөлісуіне негіз болып отыр. Кітап дүкендерінің көбеюі, ондағы қазақша кітаптардың сананың артуы көңіл куантарлық жағдай. Ақын Абайдың даналық ойында айтылғандай, кітапты ерінбей оқыған ғана ондағы ғылымды меңгермек. Кезінде Абайдың өзі батыс елдерінің озық ойлы кітаптарын алып оқып, өзін рухани кемелдендіріп, мол мұрасын қалдырды емес пе? Біздер кітап оқу арқылы жол тауып қана қоймаймыз, өзіміздің жетістікке жету жолымызбен де бөлісеміз. Осылайша  адамзаттық тәжірибе, мол білім бір-біріне беріледі. Дүниеде өлмейтін «ғалымның хаты» екенін даналар айтып кеткен. Бұл жердегі «ғалымның хаты» дегеніміз кітап деп ойлаймын. Ақпарат көздеріне үңілер болсақ, табысты адамдардың барлығы үздіксіз кітап оқығандар екеніне көзіміз жетеді. Бұдан «кітап табысқа жетудің кілті» деп қорытынды шығаруға болады. Ойшыл Абайдың «Танымның бар тамашасы кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа» деген сөзімен түйіндеймін.

Дильназ Молдабаева,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің 1 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: