Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мектеп директоры миллиондаған қаржы жымқырған

06.03.2024

589 0

Сурет: el.kz

Павлодарда мектеп директоры қызметкерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 миллион теңге иемденгені белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Осы іске байланысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар тексеріс көрсеткендей, Павлодар қаласының барлық мектептерінде бейнебақылау камералары жазу функцияларысыз жұмыс істейді. Олардың бейне мұрағаттарына кіру мүмкіндігі жоқ және полицияның Жедел басқару орталығына қосылмаған. Бұл кемшілік 2023 жылы «Smart City Pavodar» жобасы аясында түзетілуге тиіс болатын, алайда жеткізушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты әлі іске асырылмаған.

Жергілікті атқарушы органдар осыған қатысты наразылық-талап қою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: