Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 12:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Педагогтер жасанды интеллектіні қолдануда нені ескеруі тиіс

10.03.2026

51 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда ЖИ технологияларын мектеп тәжірибесіне енгізудің әдістемелік негіздері бекітілді. Тиісті талаптар мен шектеулер Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген құжатта нақтыланды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Әдістемені әзірлеудегі басты ұстаным жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды деген қағида. Жасанды интеллект тек сабақ дайындауға, материалды бейімдеуге, талдау жасауға көмектесетін құрал ретінде қарастырылады. Оқушыны бағалау, оқу мазмұнын таңдау және соңғы шешім қабылдау құқығы толықтай мұғалімнің құзырында қалады. Білім нәтижелерін толық автоматтандыруға жол берілмейді. Сондықтан жасанды интеллект дайындаған кез келген материал мұғалімнің тексеруінен өтуі тиіс.

Құжат цифрлық қауіпсіздікке ерекше мән береді. Оның ішінде оқушылардың жеке деректерін бөгде сервистерге енгізуге болмайды, сабақта қолданылатын платформалар заңнамалық талапқа сай болуы керек. Сонымен қатар, академиялық адалдықты сақтауға ерекше мән беріледі. Оқушылар ЖИ арқылы дайындалған жұмыстарын өз еңбегі ретінде ұсына алмайды, мұғалімдер қажет болған жағдайда тапсырманы қайта бере алады.

Әдістемелік ұсынымда педагогтерге Canva, ChatGPT, Gemini Storybook, Notebook LM, Reading Coach, Google Lens және өзге де сервистерді сабақта қолданудың дайын алгоритмдері мен сценарийлері берілген. Бұл мұғалімнің әкімшілік жүктемесін азайтып, оқу материалдарын оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыным Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтында қолжетімді. Оны педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, оқушылар пайдалана алады. Бұл қадам мектептердің цифрлық трансформациясын жүйелі түрде қолдауға бағытталған.

Айта кетейік, еліміздің барлық мектебінде ерекше педагогикалық назарды қажет ететін кәмелетке толмағандарға жеке педагогикалық сүйемелдеу енгізіледі. Бұл тәуекел тобындағы оқушыларды ерте анықтауға және оларға білім беру ұйымдарында мақсатты психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: