Сенбі, 20 сәуiр, 09:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 835 оқушы ақылы ұбт тапсырды

20.01.2021

1733 0

Бүгін Қызылорда өңірінде ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Аймақтағы 8 тестілеу пунктінде оқушылар сынақ тапсырып, білімдерін тексерді. 82 аудиторияда 835 бала ақылы тестке кіріп, білім деңгейлерін бағамдады.

Бүгінгі күні ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушы талапкерлердің өтініштерін қабылдау жүргізілді. Өңірдегі 7002 оқушы биыл мектепті аяқтаса, оның 5866-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген.

Ақылы сынақта балалар санитарлық талаптарды қатаң сақтап, тестілеу пункттерінде дезинфекциялық тексерулерден өткізілді.

Айта кету керек, ақылы тест қаңтар, наурыз айларында ұйымдастырылады. Бұл тест ақылы оқу орындарына түсетін түлектер үшін жүргізіледі. Ал, мемлекеттік оқу орындарының грантына түсу үшін қорытынды ұлттық тест шілде айында ұйымдастырылады. Кешенді тестілеу тамыз айында өткізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: