Жексенбі, 19 мамыр, 07:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Сатира саңлағына құрмет

26.09.2023

325 0

Сақтапберген Әлжіковтің туғанына 100 жыл толуына орай №144 орта мектепте тағылымды шара өтті.
Салтанатты жиынға облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы қызметкерлері, қалалық білім бөлімі өкілдері және ауыл әкімі, мекеме басшылары, ардагер ұстаздар мен мектеп түлектері, жазушының ұрпақтары қатысты.
Жиын «Сақтапберген – сатираның сардары» тақырыбындағы ғылыми тәжірибелік конференциядан бастау алды. Осы мерейлі сәтте білім ордасының №309 математика кабинетіне мектептің ардагер ұстазы Ә.Қаракөзұлының есімі берілді.
Мұнан соң Сақтапберген Әлжіков ескерткішінің алдында «Атаға тағзым» деген ұранмен «Жасұлан» ұйымының жиыны болды. Шәкірттер өздері оқитын білім ордасына есімі берілген қаламгердің туындылары мен оған арналған өлеңін оқып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Кеш қонақтары оқушылар ұйымының 55/47 әскери бөліммен бірлескен шеруін тамашалап, Сақтапберген Әлжіков атындағы мектеп музейімен танысты. Онда сатирик тұтынған заттар, есімі тек облыс емес, республикаға белгілі мектеп бітірушілердің, газет пен өзі басқарған журналдарда қызметтес болған әріптестерінің суреттері, отбасы және өмір жолы жайлы мәліметтер, әр кездердегі портреттері, замандастары мен шәкірттерінің естеліктері бар. Мектеп кітапханасында Сақтапберген Әлжіков жайлы кітап көрмесі қойылған. Одан жазушы жайлы мол дерек алуға болады.
Келесі кезекте мектептің мәжіліс залында «Сақтапберген Әлжіковтің туғанына 100 жыл» тақырыбындағы әдеби кеш өтті. Онда қаламгердің ұрпақтары, көзін көрген кісілер естеліктермен бөлісті. Белгілі қаламгер өмірінің елеулі кездерінен сахналық қойылым қойылды.
Шара аясында Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектеп және педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесіп Сақтапберген Әлжіковтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Сақтапберген – сатираның саңлағы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырған болатын. Сол шара аясында бірқатар ұстазға алғыс хаттар табысталды.
Ертеректе белгілі қаламгер Гюго «Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады, мүсінін болашақ соғады» деген екен. Елге елеулі еңбегі сіңген ерлердің есімі ұмытылмайтыны шындық. 1998 жылы өзі туған Қызылжарма ауылының №144 орта мектебіне Сақтапберген Әлжіков есімі берілсе, 1999 жылы мектептің алдына ескерткіш бюсті қойылды. Мектеп төрінен орын алған Сақтапберген Әлжіковтің ескерткіші мен мұражайы оның өмірі мен шығармашылығын келер ұрпаққа өнеге етіп жаңғыртып тұратын болады.
Г.АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: