Жұма, 03 мамыр, 01:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Шабыт» өнер университеті талқандалды

24.08.2023

594 0

Астанадағы «Шабыт» өнер университеті талқандалған. Мекеме өкілдері пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Желіде өнер университетінің талқандалған видеосы тарады. Видеода өнер университетінің ғимаратының қаңқасы ғана қалғанын көруге болады. 

Желі қолданушылары бұл құрылыс жұмыстары ма, әлде жалпы ғимаратты алып тастап жатыр ма – түсінбеген.

«Босқа кеткен миллиондар-ай»

«Әдемі тұрған сияқты еді ғой, не болды екен?»

«Ақша жымқыру» 

«Кәдімгі үйге жасағандай жөндеу жұмысы ғой, несі түсініксіз?», – дейді Желі қолданушылары.

Бұл видеоға қатысты өнер университетінің өкілдері түсінік берді. 

«Ғимаратты реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, 1,5 жыл ішінде ғимараттың аумағын көбейтеді. Ғимарат қайтадан өз қалпына келітіріледі. Құрылыс жұмыстарының басталғанына 1 айдай болды. 2024 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Оқушылар мен мұғалімдер уақытша Ramada Plaza-да оқып жатыр», – дейді өнер мектебінің шаруашылық қызметінің проректоры Тоқтарбек Жұмақанұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: