Бейсенбі, 26 желтоқсан, 00:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мектеп жиһазына қойылатын талаптар

30.10.2024

360 0

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады. Санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін мектеп жиһазын пайдалану ұзақ мерзімді өнімділікті қамтамасыз ету, дұрыс физикалық даму, оқушылардың дене бітімі мен көру қабілетінің бұзылуының алдын алу үшін үлкен маңызға ие. Оқу процесінің тиімділігі үшін мектеп жиһазы ыңғайлы, қауіпсіз,көпфункционалды (мобильді) болуы керек. Шынында да, баланың денсаулығы, оның дене мүсінінің дұрыстығы және жалпы омыртқаның жағдайы көбіне осыған байланысты. Ыңғайсыз қалыптан және шамадан тыс жүктемелерден омыртқа зардап шегеді. Балалардың ыңғайлы оқушы орындықтарында, барлық оқулықтар мен дәптерлерді орналастыруға болатын кең, ыңғайлы оқушы үстелдерінде отыруы өте маңызды. Дұрыстаңдалған оқушы орны сколиоздың дамуына жол бермейді, сонымен қатар көру қабілетін, физикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді және оның эмоционалды жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Жиһаздың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлу қажет. Ол үстелдің үстінде қолдың дұрыс орналасуына ықпал етуі, аяқ еденде нық тұруы, оқушының тізесі мен үстелдің арасында жеткілікті орын болуы керек, орындықтың арқасы мен отырғышының арасында бос орын болуы тиіс, орындықта отырған баланың тізесі қысылмауы керек. Яғни, жиһаз балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс.

Білім беру объектілерін таңбаланған мектеп жиһазымен жарақтандыру және оқушыларды дұрыс отырғызу оқушылардың тірек-қимыл аппаратында патологиялардың пайда болуын болдырмауға көмектеседі.

2023 жылы жүргізілген  медициналық қарап-тексеру кезінде бастауыш сыныптағы 3 баладан, 5-9 сыныпта оқиын 17баладан және жоғары сыныптағы 8 баладан сколиоз анықталған. Сондай-ақ 69 оқушының бел-омыртқа жотасының ақаулары байқалған. Бұл тек мектеп жиһаздарына байланысты деп айтуға болмайды, смартфондардың да кері әсерін осы ретте атап өтуге болады. Себебі смартфондарды шектен тыс пайдалану көзге зиян болса, дене қалпын дұрыс ұстамай, бүкірейіп ұзақ қарау да арқа жүйесі мен дене бітімінің бұзылыстарына алып келеді.

Сондықтан сколиоздың алдын алып, бала денсаулығының мықты әрі дене мүсінінің сымбатты, түзу қалыптасуы үшін балаларды дұрыс дағдыларға баулу, дұрыс әдеттерді қалыптастыру аса маңызды. Қорытындылай келе, дұрыс мектеп жиһазын таңдау әртүрлі маңызды факторларды мұқият қарастыруды талап ететін көп қырлы процесс. Эргономикалық дизайн мен қауіпсіздіктен икемділік пен тұрақтылыққа дейін әрбір элемент қолайлы оқу ортасын құруға ықпал етеді. Осы талаптарға басымдық бере отырып, мектептер оқушылардың белсенділігін арттырып, шығармашылықты дамытады және тиімді оқыту тәжірибесін жеңілдете алады. Ойланып таңдалған жиһаз білім беру тәжірибесін байытып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдастық пен мектеп ортасына қатыстылық сезімін дамытады.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: