Жұма, 27 желтоқсан, 19:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тамыз кеңесі: Сапалы білім беру – басты міндет

26.08.2023

742 0

Апта басында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында дәстүрлі қалалық тамыз кеңесі өтті. Кеңеске қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы мен білім саласында қызмет жасаған бірқатар ардагер-ұстаздар және  білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Қалалық тамыз кеңесінде қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы алдағы білім күнімен ұстаздар қауымына өзінің құттықтауын жеткізді.

– Ұлы қызметті ұлықтап, қиын да қастерлі салада қызмет етіп, ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәлім-тәрбие беруді мұратқа айналдырған ұлағатты еңбек иелері ұстаздар қауымы қашанда құрметке лайық. Талантты, дарынды шәкірттеріміздің қабілеттерін шыңдап, оларды қолдауға мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалған бүгінгі қоғамда елдің атын шығарып, аймақ абыройын асыратын, өңірді өркендетіп, туған жерді түлететін білімді шәкірттеріңіз көп болғай, – деді Орынша Міржақыпқызы.

Тамыз кеңесінде арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылардың өнерін тамашалап ғана қоймай, олардың ғылым мен білім саласындағы жетістікке жеткендерін таныстырды.

Одан бөлек №7, №187, №235 мектептерде секция отырысы өтіп, алдағы жоспарлар мен міндеттер талқыланды. Сонымен қатар білім саласындағы маңызды мәселелерді талқылап, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: