Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жақсылығы жұрт жадында жаңғырған

03.12.2022

855 0

Кендебай Сейітов 1948 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Әйтеке би кентіндегі №421мектепті бітірген. Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың фи¬зика-математикалық бөлімін 1975 жылы бітіріп, сол жылы №104 орта мектепте еңбек жолын бастаған. 1977-1978 жылдары облыстық жас туристер станциясында әдіс¬кер, облыстық оқу бөлімінде мектеп инспекторы болып қызмет атқарған. 1979-1985 жылдар ара¬сында Қызылорда теміржол транспортында техникумында оқытушы, бөлім меңгерушісі бо¬лып қызмет атқарса, 1985-1989 жылдарда облыстық оқу бөліміне қайта ауысып, мектеп инспекторы, кейін мекеме атауы өзгеруіне байланысты білім департаментінің жалпы орта білім бөлімінің бас¬тығы қызметін атқарды. Кендебайдың замандастары оны «компьютер» деп бағалайтын. Оған өзім куә болған бір дәлел: Жаңа оқу жылы басталар алдында оқу жоспарының өзгеруіне байланысты бір класс ашу керек болды. Ауданға мәлімет бердім, нәтиже жоқ. Сонан Кендекеңе келіп, мән-жайды айтып бастағанымда:
– Сіз сұраған комплекті есепте тұр ғой, тағы не өзгеріс? – деді. «Екі класс бар, ол үшінші класс болу керек» дегенімде, «оны орыс класының есебінен берейін, бірақ қазақ класының комплектісіне қоспаңыз», – деп оқу жылын бастаған едік.
Кендебай қағазға қарамайтын. Міне, замандастары «компьютер» десе дегендей еді.
Сөзге тұрақты, қысқа сөйлеп тауып айтатыны бар, уәдеге берік азамат болатын. 2005-2012 жылдар аралығында қаладағы №179, 189 орта мектептерде директор болды. Кездескенде:
– Кендеке, директорлық қалай екен, – деймін.
– Жақсы, мен екі қызмет ат¬қарып жүрмін, завхоз-директор деген лауазым, екеуін қатар алып жүрмін, – деп күлдіретін.
Мінезге бай Кендекеңнің ашуын көрдім деген азамат кем шығар. Үнемі қысқа сөйлеп тапқырлықпен жауап қайтарып, күлкіге тойды¬ратын. Көп ізденіп, көп оқу бойындағы қалыптасқан қасиет болатын. Қағаз жазғанда біреудің сөзін, айтқанын, ойшылдардың ойларын қосып жазып отыратын.
«Көргенің мен көкейдегің хатқа түспесе, көң басып кебініңмен бірге кетеді, ал жазылып қалса, жан азығы»,– деген екен Иван Бурик «Арсеньевтар өмірі повесінде. Осы ойды басшылыққа алып, 70-ке келгенде «Осынау өмірімде не бітірдім?» деген оймен қатарлас, замандастарым, қызметтес аға¬ларын еске алып, «Ақиқат – ар өлшемі» атты шығарма баспадан шыққан. Бұл үлкен еңбек, мемуар жанрына жатады. Автор өз өмірінен басқа қызмет барысында кездескен асыл азаматтар жайлы ой толғайды.
Сондай-ақ ұлы ойшылдардың Конфуцийдың, Ганс Сельеннің ойларының мағынасы мен маз¬мұнына мән бере отырып, ел мен жер тағдырын назардан тыс қалдырған. Осы еңбегінен ішінде назар аударғаны бұл – білім. Оны нақты дәлелмен, яғни Әзірет Әліні сынау мақсатында 10 адамның қойған сұрағына білім туралы 10 түрлі жауап беруін келтірген. Бұл кез-келген адамға ой салатын жауап деп қабылдау керек. Бұл мысалды келтіргендегі ойымыз – Кендекең көп ізденіп, көп оқып көңілге түйгені мол екендігін дәлелдесе керек. Студенттік достары да білім саласында еңбек атқарған. Олардың қатарында қоғамдық негізде жұмыс атқарып жүрген Асылхан Дүйсенов, Абай Ергенов білім саласының білікті басшылары болды.
Кендекең зейнетке шықса да «Еңбек жұмыс құрудың да қиындығымен күрес» кітабы кейінгі ұрпаққа ой салатын оқы¬ғанға қайрат қиындықпен күресе білу¬ге, әрбір азаматты жігерлендіре¬тін бойтұмар болатыны анық.
Білім саласының ардагері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақстан Рес¬публикасы білім беру ісінің үздігі Кендебай Сейітұлының өмірі еңбек жолы кейінгі ұрпаққа үлгі. Кендебай Сейітов¬тің білім сала¬сына жасаған жақсылығын, өнеге боларлық ісін жұрт ұмытпайды. Оның білім саласында атқарған еңбегі ерен.

Е.МҰХАНОВ,
білім саласының ардагері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: