Жексенбі, 08 желтоқсан, 02:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Санкция салқыны айналып өтпейді

29.03.2022

1278 0

Бүгінгі күн тақырыбы – базардағы баға. Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын ұстап тұруға барынша жанталасып, қолдан келер шараны жасағанмен, баға ешкімнің де ырқына көнбейтінін күн сайын байқатып келеді. Күн сайын доллар бағамының құбылуы, тынышы кеткен әлем ел экономикасына әсерін тигізбей қоймады.  Нәтижесінде базардағы бағадан бастап, банктің несие процентіне дейін өзгеріп шыға келді. Мәселенің мәнісіне келейік.

Елге келетін азық-түлік, төсек-жабдық, тұр­мыстық-гигиеналық заттардың бірден-бір импорт­таушысы Ресей. Ресейге салынған санкция­дан кейін Қазақстан бүгінде тасымалдаудың жаңа жолдарын қарастыруда. Олардың ішінде Каспий тасымалы, Қара теңіз және Қытай арқылы тасымалдау жолы бар.

Сарапшылардың пікірінше, әлемдік әуе, жол және су тасымалы компаниялары Ресей аумағына кіру қызметін қысқартуда. Осының әсерінен тасы­малдаушылар жаңа тасымал жолдарын қа­растыруда. Бұл қиындық ел экономикасына да үлкен әсерін тигізетіні анық. Себебі Қазақстан автокөлік секілді ірі заттарды айтпағанда, азық-түлік, косметика, тұрмыстық заттардың барлығын Ресейден сатып алады.

Ресми дерек көзіне жүгінсек, 2021 жылы  Қазақстан үшін есептеуіш техникаларды импорт­таушы елдердің ішінде Қытай көш басында. Смартфондарды негізінен (63 процент) Қытай импорттайды. Дәрі-дәрмекті 65 ел жеткізсе, Ресейдің үлесі 8 процент. Төсек жабдықтарын импорттау үлесі бойынша Қытай, Түркия, Ресейдің үлесі басым. Ал гигиеналық, косметикалық зат­тарды негізінен импорттаушы ел – Ресей. Сонымен қатар азық-түлік жеткізуші үштіктің ішінде де Ресей бар. Ресей елге ет өнімдерінің төрттен бір бөлігінен көбін, сүт өнімдерінің үштен бір бөлігін, шай өнімдерінің бестен бір бөлігін, қант пен кондитерлік өнімнің 61-62 процентін, өсімдік майы мен шоколадтың төрттен үш бөлігін импорттайды екен. Енді қалай болмақ. Тығырықтан шығар жол керек. Ресейдің қант пен астық өнімдерін экспортқа шығару шектелгеннен кейін Қазақстан жаңа тасымал жолы мен басқа сауда серіктестер іздеуде.

Алайда бұл бағаның өсуіне әсер етпей қой­майды. Доллар бағамының өсуі, тасымалдың өзгеруі бағаны қымбаттатады. Болжам бойынша, импорттық тауар бағасы 20-25 процентке өседі деп болжануда. Мәселен, смартфондар бағасына да айтарлықтай айырмашылық болуы мүмкін. Доллар бағасының қымбаттауына орай «Apple» компаниясы өнімдерін 10 процентке қымбаттатса, «Samsung» компаниясы әзірге жаңа бағаны жарияламаған.

Жаһандық бағдар мен жаңа мүмкіндік жайын ескерсек, ритейлердің пікірінше, Каспий  және Қара теңіз арқылы тасымалынан басқа Қытай бар. Көптеген әлемдік брендтер Қытайда өнді­ріледі. Еуропадан Қазақстанға Әзірбайжан, Грузия арқылы тауар тасымалдау Ресеймен салыстырғанда ұзақ әрі қымбатқа түседі. Сарап­шылардың пікірінше, ең тиімдісі де, арзаны да Қытай арқылы тасымалдау. Оның үстіне әлемдік брендтер Қытай өндірісін пайдаланады. Қазақстан үшін Еуропадан тауар тасымалдау арзанға түспейтіні белгілі. Әлемдік қақтығыстарға қарамастан, сауда жүре беретіні заңдылық. Қазақстан Ресей-Украина қақтығысының себебімен логистика, тауар тасымалы инфрақұрылымын қайта қарау мәселесіне тап болды. Сарапшылар пікірінше, қазақстандық сауда-көлік-логистикалық қызметтерге сұраныс сезілуде. Қақтығыстың алғашқы күндері Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Орал көп рейс қабылдағаны, Қазақстан аспаны арқылы жоспарланбаған жүздеген рейс ұшқаны белгілі. Қазақстан үшін туристер мен транзиттік жолаушылар ғана емес, жүк тасымалдары да пайдалана алатын авиациялық хабтар салуға мүмкіндігін пайдалануға болады. Сарапшылар әлемдік ахуал өз өндірісімізді дамыту қажет екенін еске салады.

Г.ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: