Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жас ғалымдар жоба қорғады

23.11.2022

667 0

Қызылорда қаласындағы Көмекбай Қаракөзов атындағы №235 орта мектепке биыл 50 жыл. Мектеп мерейтойына орай 22 қарашада мектеп оқушылары арасында қалалық деңгейді ғылыми жоба қорғау байқауы өтті. Байқауға 30-ға жуық қала мектептерінің шәкірттері қатысып, өз жобаларын ұсынды.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру мақсатында өткен жоба қорғау байқауында ең талантты және дарынды жас зерттеушілер іріктеліп, оларға қолдау көрсетілді. Ғылыми жоба байқауы  4 бағытта өткізіліп, төмендегі мектеп оқушылары жеңімпаз атанды.

«Экономикалық және әлеуметтік процесстердегі математикалық модельдеу» бағытында жүлделі І орынды С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Томирис Ахметова, ІІ орынды Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің 10 сынып оқушысы Ханзада Рубина мен №101 мектеп-лицейінің оқушынысы Анель Абуова жеңіп алды. Ал жүлделі ІІІ орынды №178 орта мектептің 9 сынып оқушысы Құралай Байназарова, №282 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Ерасыл Танабай мен 264 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Еркежан Рамазанқызы өзара бөлісті.

«Таза табиғи орта – биоалуан  түрлілік» бағытында №23 орта мектептің  9 сынып оқушысы Юн Анастасияның жобасы І орынға лайықты деп танылса, №222 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ердос Жалғас қорғаған жоба ІІ орынды жеңіп алды. Ал №172 орта мектептің 8 сынып оқушысы Назерке Бақытжан мен №140 орта мектептің  8 сынып рқушысы Динара Базарбай жоба қорғап, үшінші орын иегері атанды.

«Гуманитарлық бағыт» – «Жаңа Қазақстан – Жаңа болашаққа нық қадам» тақырыбы аясында №235 орта мектептің 11 сынып оқушысы Айдар Оспанов жүлделі І орынды, №12 ІТ-мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Мейіржан Сәрсенбай ІІ орынды, №271 орта мектептің 9 сынып оқушысы Лейла Әбдіқадір мен №218 орта мектептің 8 сынып оқушысы Ақбаян Жалеладин жүлделі ІІІ орын жеңімпазы атанды.

«Қазақстанның өлкетануының этнопедагогикалық негіздері» бағытында сынға түскен №215 орта мектептің 9 сынып оқушысы Айзат Жилекееваның жобасы І орынға лайық деп танылса, 261 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарақат Барысбай қорғаған жоба жүлделі ІІ орын жеңімпазы атанды. Осы аталым бойынша өз жобаларын қорғаған №268 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Жұлдызай Алмат пен №212 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Нұрай Сәрсенбай жүлделі ІІІ орынды жеңімпазы атанды.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: