Сенбі, 23 қараша, 07:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

02.08.2023

466 0

          Адамның ең басты байлығы денсулығы демекші, әрбір адам денсаулығы сыр берген уақытта дәрігер көмегіне жүгініп, дертіне шипа іздейді. Осы орайда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде сотталған азаматтардың денсаулық жағдайын тексеретін терапевт маманы қызмет атқарады. Мекемеде қызмет етіп келе жатқанына бір жыл уақыт болды. Бұл уақыттар арасында тергеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың денсаулығын жіті қадағалау терапевт маманының басты міндеті болып табылады. 8-жылдық жұмыс өтілі бар бас дәрігердің қарамағында қазіргі таңда стаматолог, үш фельдшер, рентген лобарант мамандары жұмыс жасайды.

          –Бұл мекемеде  жұмыс жасап келе жатқаныма бір жылдан астам уақыт болды. Тергеу мекемесінде шалт басып, жазасын өтеп жатқан жандардың әрбірінің денсаулығына осы мекеме жауап береді. Сонымен қатар сотталғандардың денсаулық жағдайына байланысты яғни, хирург, гинеколог, кардиолог т.б мамандарды шақыртып, денсаулығын тексертеміз.  Сондай-ақ, сотталған азматтар арасында қазір 8 адам есепте. Атап айтқанда, қант диабеті, қан қысымы бойынша және тамыр аурулары мен есепте тұрады. Мен атқарып жүрген қызмет өзіме қатты ұнайды. Жастық шақтан армандап, арманымның нәтижесінде осындай мекемеде жұмыс жасап, әрбір азаматты жеке қабылдауымда қабылдаймын. Сол себепті адам жеке тұлға ретінде өз мамандығын таңдау барысында дұрыс шешім қабылдап, өмірлік нанын адал еңбегіменен табу қажет –деді мекеме терапевт маманы Көжеков Нұрлан Бисенбайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: