Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бала қуанышы – бәрінен қымбат

01.06.2022

973 0

1 – маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай медицина мамандарының мүмкіндігі шектеулі балаларына тосын сый жасалды. Қайырымдылық шараны «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ облыстық филиалы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды.

Мерекелік кеште облыстық филиал төрағасы А.Абылайханұлы «Балалар жылы» аясында ерекше балалар мен олардың ата-аналары үшін арнайы қайырымдылық  шара ұйымдастырып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Шарада денсаулық саласында жұмыс істей жүріп, ерекше бала бағатын 20 ата-ананың әрқайсысына материалдық көмек ретінде 100 мың теңгенің сертификаты берілді. Сондай-ақ балаларға тәтті сусындар тарту етіліп, сыйлықтар үлестірілді.

Айта кету керек, бір реттік жәрдемақы тағайындау үшін арнайы комиссия құрылған. Осылайша іріктеуден өткен 20 балаға қаржылай көмек көрсетілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: