Сенбі, 21 желтоқсан, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Босанғаннан кейін екі ай ес-түссіз жатқан: Шымкентте жас ана есін жиды

09.01.2023

694 0

Шымкентте дәрігерлер екі айға жуық реанимацияда жатқан жүкті әйелді аман алып қалды, –  деп хабарлайды Шымкент каласы Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Іштің өткір ауырсынуына шағымданған жүкті әйелді дәрігерлер толық медициналық тексеруден өткізіп, жедел операция бөліміне ауыстырған.

Операция кезінде босанған әйелден гангренозды аппендицитті анықтап, хирургиялық жолмен алып тастаған. Ішінде шаранасы бар әйелде отадан кейін асқынулары көп болған. Себебі пациентте аппендициттен бөлек, екі жақты пневмония, тері бүйрек-бауыр зақымдануы, созылмалы бүйрек аурулары болған. Бұған қоса, науқасқа дәрігерлер «жүйелі қызыл жегі» (системная красная волчанка) диагнозын қойған.

Созылмалы ауруларының асқынуы салдарынан науқастың күннен-күнге денсаулық жағдайы нашарлаған. Екі адамның өмірі үшін күрескен дәрігерлер тәулік бойы жансақтау бөлімінде медициналық көмек көрсетіп, бірнеше рет білікті мамандардың қатысуымен консилиум өткізген. Ауыр халдегі науқасты дәрігерлер ИВЛ аппаратына қосқан.

«Жүктіліктің 24-25 апталығында осы жылдың 2 қаңтар күні жүкті әйелдің толғағы басталып, дәрігерлер оны мерзімінен бұрын босандырып алды. Дүниеге келген ұл баланың салмағы  –  685 грамм. Ауыр халдегі сәби қалалық перинаталдық орталықтағы балаларға арналған жансақтау бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлер шала туған нәрестеге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде.

Босанған әйелдің жағдайы бүгінде жақсарып, жансақтау бөлімінен палатаға ауысты. Қазір жағдайы тұрақты. Денсаулығы жақсарған жас ананы дәрігерлер осы апта ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр», –  делінген хабарламада.

aikyn.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: