Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: «Pfizer» қашан келеді?

16.10.2021

922 0

14 қазанда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 29 жағдай тіркелсе, оның 15-і Қызылорда қаласынан анықталған. Вирус жұқтырған 22 адамда аурудың белгілері бар болса, қалған 7-і вирусты симптомсыз өткеруде. Қазіргі таңда сол тәулікте вирус жұқтырғандардың 13-і, яғни 45 проценті стационарға жатқызылған.

Cоңғы ақпарат бойынша 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен өңірде тіркелген науқастар саны 18326-ға жеткен.

Одан бөлек бір тәулікте аймақта 43 адам жазылып шығып, эпидемиологиялық маусым басталғалы жалпы саны 17507 адам, яғни 95 проценті вирустан емделіп шыққан.

Қазіргі кезде облыстағы барлық инфекциялық стационарда жалпы саны 212 науқас ем қабылдап, оның жүктемесі 38 процентті құрап отыр. Оның ішінде жансақтау бөлімінде 28 науқас ем қабылдауда. Осылайша реанимациялық стационарлардың жүктемесі 35 процентті құрап отыр.

Өңірде коронавирусты инфекцияға қарсы екпемен вакциналау науқаны да тұрақты жүргізілуде. Мәселен, 14 қазанда өңірде барлығы 2911 «Covid-19»-ға қарсы вакцинаның І компонентін салдырған. Қазіргі таңда 2021 жылдың 1 ақпаны мен 14 қазан аралығында қала бойынша – 138 916, аудан бойынша – 182 411 , барлығы – 321 327 тұрғынға «COVID-19» жұқпасына қарсы екпе жасалған.

Вакцинаның ІІ компонентін 14 қазанда өңірде барлығы 1346 адам салдырған. Осылайша 1 ақпан мен 14 қазан аралығында Қызылордада вакцинаның ІI компонентінің 372020 дозасы жеткізіліп, оның 259 612-і игерілген. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 6 мамырдағы №20 қаулысына сәйкес, осы вакцинаның І компонентін алған тұрғындар 45-90 күн аралығында ІІ компонентін алуы тиіс. Осы есеппен алғанда, бүгінгі күні вакцинаның ІІ компонентімен 284 459 тұрғын қамтылуы керек, алайда түрлі себеппен 259612 тұрғын ғана қамтылған. Вакцина алмаған 24 847 тұрғынның 92-не медициналық шегініс берілген, 24 755 адам басқа да себеп бойынша салдырмаған.

Қызылордаға «Pfizer» вакцинасы ІV тоқсанда жеткізіледі деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов айтты.

«Көпшіліктің «Pfizer» вакцинасы туралы сұрағы көп. Вакцина алдағы айларда келу жоспарлануда. Өзіндік сақтау ережелері бар. Бүгінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоңазытқыш алып бермек. Ол екпе 12 жастан жоғары және жүкті әйелдерге арналған. Қазіргі таңда белсенді түрде ақпараттық насихаттық жұмыстар жүруде», – дейді ол.

Одан бөлек, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен халықты иммундау жөніндегі консультативтік комитет бірлесіп, қайта вакциналау тәсілін жасап шықты. Вакцинаның жаңа дозасын екі компонентті толық алғаннан кейін 6-9 ай аралығында алу ұсынылуда.

Қайта вакциналау бойынша жүргізілетін жұмыстар кезінде векторлы вакцина алғандар белсендірілмеген екпені 9 айдан кейін салдыру керек болады. Ал бірінші белсендірілмеген екпені салдырғандар 6 айдан соң векторлы вакцинаны салдыра алады. Екпенің м-РНК түрін алғандар 6 ай өткеннен кейін векторлы немесе белсендірілмеген екпені салдыра алады. Одан бөлек екпені салдырған соң коронавирус жұқтырғандар 3 айдан кейін ревакцинация жасай алады.

«Осылайша қайта вакциналау 2021 жылғы қараша айының 3-ші онкүндігіне жоспарланып отыр. Алғашқы кезекте вирус жұқтыру қаупі жоғары мамандар, егде жастағылар, антиденелер бар екендігі зертханалық дәлелденгендер салдырады», – делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

А.ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: