Бейсенбі, 28 наурыз, 22:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сабақ кезінде мұғалімге де, оқушыға да ұялы телефон пайдалануға тыйым салынбақ

10.03.2023

750 0

Сабақ барысында мұғалім мен оқушының ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы Ашық НҚА” порталында жарияланды. Жоба 28-наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады. 
“Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды”, – делінген құжатта. 
Сонымен қатар бұйрықта оқушыларға ата-ана мен ұстаздың қай кезде жауапты болатыны, әрі тәртіп бұзған жағдайда қандай шара көзделетіні жазылған. 
“Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі. Білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді”, – деп жазылған жобада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: