Жұма, 29 наурыз, 18:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Бокстан облыстық ашық біріншіліктің жеңімпаздары анықталды

04.04.2022

1320 0

Қызылордада жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен бокстан облыстық ашық біріншілік аяқталды.

Спорттық шара Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен, қалалық мәслихат, облыстық білім басқармасы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде өтті.

Университетте осымен төртінші мәрте ұйымдастырылған облыстық біріншілік төрт күнге созылды.  

Бокстан облыстық ашық біріншіліктің жеңімпаздарды марапаттау салтанатына университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова қатысты.

  •  Қазіргі уақытта оқу ордасында спорттың 13 түрінен секциялар жұмыс жасайды. Білім алушылар жыл сайын жаңа биіктерді бағындырып, әлемдік деңгейде танылуда.

Оқу ордасында 2005 жылы ашылған бокс үйірмесі талантты жастарды шыңдап, спорт додаларында топ жаруына ықпал етті. Бокстан Токио олимпиадасының қола медаль иегері Қамшыбек Қоңқабаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері және кәсіпқойлар арасында бірінші орта салмақта WBC International тұжырымдамасының чемпионы Тұрсынбай Құлахмет, Азия чемпионы Нұрлан Мәсенов және өзге де чемпион түлектер – біздің мақтанышымыз, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

 Айта кету керек, қазіргі уақытта университетте әлем чемпионатының – 9, Азия чемпионатының – 27, Қазақстан чемпионатының 120 жеңімпазы мен жүлдегері бар.

Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесіне облыс бойынша білім беру ұйымдарынан 16 салмақ дәрежесінде ерлер мен қыздардан құралған 16 команда, 122 білім алушы қатысты.

Бокстан облыстық ашық біріншілікте жалпы командалық есеп бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жеңіске жетіп, 29 медаль еншіледі. Оның сегізі – алтын, алтауы – күміс, он бесі – қола.

Ал, Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі командасы ІІ орын, Болашақ университетінің командасы ІІІ орын иеленді.

Спорттық шарада әлем чемпионатының қола жүлдегері және кәсіпқойлар арасында бірінші орта салмақта WBC International тұжырымдамасының чемпионы Тұрсынбай Құлахмет университеттің «Үздік түлек» медалімен марапатталды.

Жарыстың бас демеушілері, университет түлектері – «Шебер ЖБИ» мекемесінің құрылтайшысы Досхан Жүнісов, «Қазақстан Астық Компаниясы» ЖШС-ның атқарушы директоры Қазыбек Омаров.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен естелік сыйлықтар, «Amanat» партиясы «Тұран» филиалының Алғыс хаттары табысталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: