Сенбі, 04 мамыр, 23:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

COVID-19: Қызылорда «жасыл» аймақта

28.09.2021

948 0

26 қыркүйекте Қазақстанда барлығы 1878 адамның коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 26 адам Қызылорда облысында. Сондай-ақ сол тәулікте 133 қызылордалық емделсе, Қазақстанда барлығы 2202 адам індеттен айығып шықты.

Қазіргі таңда елдегі эпидемиологиялық ахуал қалыпты. Дегенмен індетті жұқтырғандар да, онымен ауырып жатқандар да бар. Мәселен, қазіргі кезде республика бойынша 63485 науқас КВИ-дан емделіп жатыр. Оның 11543-і стационарға жатқызылған болса, 52302 науқас амбулаториялық стационарда ем қабылдауда. Сонымен қатар 895 науқастың жағдайы ауыр және 222 адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Одан бөлек, елдегі коронавируспен ауырып жатқан 142 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша Қызылорда облысы Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау өңірлерімен бірге «жасыл» аймаққа өтті. Ал «сары» аймақта Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Ақтау, Қостанай, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары «қызыл» аймақта.

Елде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау науқаны да белсенді ұйымдастырылып, бүгінде елде екпенің І компонентін 7524609 қазақстандық салдырса, ІІ компонентті 6408099 адам салдырған. Ал өңірде екпенің алғашқы компонентін 301040 адам, ІІ дозаны 253745 адам салдырған.

Одан бөлек, Қазақстанда пневмониямен ауырып жатқандар да бар. Мәселен, 26 қыркүйекте пневмониямен ауырған 32 адам анықталса, 5 адам аурудан көз жұмып, 111-і жазылып шыққан. Осылайша, өткен жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстанда барлығы 75305 адам пневмониямен ауырып, 61702-і жазылған және 4800 адам аурудан көз жұмған.

«Pfizer» компаниясының басшысы Альберт Бурла «Бір жыл ішінде бұрынғы өмірге қайта ораламыз», – деп пандемияның тоқтайтын уақытын болжады. Оның пайымдауынша, вирустың жаңа штаммдары пайда болғанымен бұрынғы өмірге бір жыл ішінде оралуымыз мүмкін.

– Менің ойымша, біз қалыпты жағдайдағы өмірге ораламыз. Бұл вирустың жаңа түрі пайда болмайды дегенді білдірмейді. Бізді бір жыл бойы індетті жұқтырудан қорғайтын вакцина болады. Тіпті жыл сайын ревакцинация жасасақ та осы бір жыл ішінде пандемияға дейінгі өмірге оралуымыз мүмкін», – деді ол АВС арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ компания басшысы бүгінде 5-11 жас аралығындағы балаларға арнап дайындалған вакцина сынақтан өткенін және алдағы уақытта Америкамен келіссөздер жүргізілетінін мәлімдеді.

Отандық педиатр, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар инфекциясы кафедрасының профессоры Лəззат Ералиева коронавирустың балаларға қалай әсер ететінін және ауру белгілері туралы айтып берді. Маманның айтуынша, пандемияның алғашқы кезеңінде вирус жұқтырған балалар ауруды оңай өткерсе, жаңа штаммдардың пайда болуымен ауру белгілері де күрделенген.

– Әлемде COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауыратын балалар жиі тіркеле бастады. Бұл жаңа, анағұрлым агрессивті және жұқпалы коронавирус штаммдарының пайда болуымен байланысты. «Ковидті тудыратын SARS-CoV-2 вирусы баланың денесіне ауа тамшылары немесе байланыс арқылы (заттар арқылы) енеді. Балаларда COVID-19-дың алғашқы белгілері ересектердегі секілді, инфекция жұққан соң орта есеппен бір аптадан кейін пайда болады. Иммунитеті әлсіз балаларда инкубациялық кезең 2-3 күнге дейін қысқарады. Бастапқы кезеңде ауру қарапайым суық тигенге ұқсайды. Тамақ ауырып, мұрын бітеледі және дене температурасы жоғарылайды», – деп түсіндірді Ләззат Ералиева.

Маманның айтуынша, келесі 2-3 күн ішінде алдыңғы белгілерге жеңіл жөтел, әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, кеудедегі ауырсыну, ентігу және үлкен дәреттің сұйық болуы қосылады. КВИ-дің аса ауыр ағымы бір жасқа дейінгі балаларда және созылмалы патологиялары мен қосымша аурулары бар 15 жастан асқан жасөспірімдерде байқалады. «Әдетте, балалар ауырғаннан кейін 7-11 күнде қалыпқа келе бастайды. Балада COVID-19-ға тән алғашқы белгілер пайда болғанда бірден педиатр шақыру керек. Ең бастысы, мынаны есте

сақтаңыз: балаға өз бетінше диагноз қоюға, өз бетінше емдеуге және өзге де белгілердің пайда болуын күтуге мүлдем болмайды!» – деп атап өтті медицина ғылымдарының докторы. Ол қазіргі уақытта балаларды коронавирустан қорғаудың нақты құралдары жоқ екенін айтты. Балаларды вирустан қорғаудың жалғыз әдісі – ересек тұрғындарды вакциналау және инфекцияға шалдыққандармен байланысқа түспеу.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: