Жұма, 29 наурыз, 19:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді

09.09.2022

940 0

Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменов еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Нысанбай Құрманғазиевті қабылдап, 80 жас мерейтойымен құттықтады.

– Ардагерлеріміздің ғибратты ғұмырын өзгелерге үлгі, кейінгі ұрпаққа өнеге ету біздің парызымыз. Өзіңіз талай жылдар абыройлы қызмет атқарып, шаһарымызда көптеген ғимараттардың бой көтеріп, көркейіп, гүлденуіне сүбелі үлес қостыңыз. Еселі еңбегіңіз қашанда құрметке лайық. Сізді жерлестеріміздің атынан сексеннің сеңгіріне шыққан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!, – деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

Кездесуде қала әкімі халқымыздың игі дәстүрі бойынша мерейтой иесінің иығына шапан жапты. Шараға арнайы келген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев еңбек ардагеріне облыс әкімінің атынан Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына сіңірген еңбегі үшін облыстың ең жоғары марапаты Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын» табыстады. Сонымен қатар, облыстың «Құрметті ардагері» медалін тақты.

Шарада қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев пен қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев Нысанбай Дүзімбеттегін мерейтойымен құттықтап, лебіздерін жеткізді. Мерейтой иесі көрсетілген құрметке алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: