Дүйсенбі, 04 наурыз, 16:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2028)
02.03.2024
PDF мұрағаты

ЖОО-лар енді жаңа мамандыққа қабылданатын студенттерге жатақхана беруге міндеттеледі

13.09.2022

596 0

Биылдан бастап жоғары оқу орындары жаңа мамандық ашу үшін оқуға қабылдайтын студенттерге жатақхана орнын қамтамасыз етуге міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында айтты.

«Тағы да бір жүйелі шара бар. Енді лицензиялауға өтінім беретін жоғары оқу орындары, жеке меншік болсын, мемлекеттік болсын, кез келген жаңа мамандықты ашу үшін немесе жаңа лицензияны алу үшін міндетті шарт қойылады. 100 адамға лицензия өтінімін бере ме, онда сол 100 адамға жатақанхана орынын қамтамасыз етуі керек. Осы жылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді, шектеу қойылды», – деді министр.

Сондай-ақ ол 2026 жылға дейін елдегі студенттердің басым бөлігін жатақханамен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

«Бұл үлкен жүйелі мәселе. Мемлекет оны өз есебінен толыққанды шеше алмайды. Сондықтан Білім министрлігінің жанындағы қаржы орталығымен бірлесіп, жеке инвесторлармен, құрылыс компанияларымен, мердігерлер тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Оларға арнайы алты жылдық шарттар береміз. Яғни, қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін студенттердің 60-70 пайызын жатақханамен қамтамасыз етеміз»,- деді Саясат Нұрбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: