Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлер біліктілігін арттырды

16.12.2023

665 0

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында акушер-гинеколог дәрігерлер арасында «Жедел акушерлік жағдайларда симуляциялық жабдықтарда мануальды дағдыларды игеру» атты халықаралық шеберлік сабағы өткiзiлді.

Жергілікті акушер-гинеколог мамандардың біліктілігін арттыру мақсатындағы шеберлік сабағын медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, акушер-гинеколог, Мәскеу денсау­лық сақтау департаменті №67 перинаталдық орталығының бас­шысы Сергей Мартирососян және медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог, Мәс­кеу денсаулық сақ­тау де­партаменті №67 перинаталдық орталығы клиникалық-сараптамалық жұмыс бөлімінің меңге­ру­­шісі, халықаралық репродуктивті медицина маман­дары қауымдастығының мүшесі Ольга Перевозкина жүргізді.

– Медицина  саласындағы мамандарға әрдайым ізденіс қажет.  Дәрігерлерге біліктілігін арттыру өте маңызды. Осындай халықаралық шеберлік сабағын ұйымдастырған облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс білдіреміз. Бұл шеберлік сабағы әлбетте акушер-гинеколог дәрігерлердің біліктілігін арттыруға зор үлес қосады деген сенімдемін. Ресейден келіп шеберлік сабағын көрсеткен тәлім­герлерге ризамыз. Алған тәжірибемізді алдағы уақытта іс жүзінде қолданып, медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсартуға үлес қосамыз деп сенемін. Біз үшін ең бастысы – ана мен бала денсаулығы. Аналардың аман-есен босанып, бөпесін бауырына басқанынан артық қуаныш жоқ, – дейді «Ана мен бала» перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Әйгерім Тұрғанбайқызы.

Өңірде акушер-гинеколог дәрігерлердiң білікті­лігін арттыру, симуляциялы жабдықтарда дағдыларды игеру және ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті жақсартуға басымдық берілген. Мәскеуден келген білікті мамандардың шеберлiк сабағында аймақ дәрігерлері акушерлік жағдайдағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: