Сейсенбі, 19 қараша, 22:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Эхинококкоз ауруы туралы білесіз бе?

17.08.2023

577 0

Эхинококкоз – паразитарлық індет, адамның жасы мен жынысын таңдамайтын  паразиттік аурулардың ішіндегі ең қатерлі, қиын да күрделі созылмалы аурулардың бірі. Эхинококк жұмыртқаларын тасымалдаушылар – иттер, үй жануарлары, кеміргіштер және жәндіктер болып табылады. Ауру қоздырғыштары жануарлардан топырақ, су, өсімдіктер, мал өнімдері арқылы адамға және басқа ауылшаруашылық малдарына жұғады, қарапайым санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтамауы салдарын ауруға шалдығу қаупін арттырады. Эхинококкоздың едәуір бөлігі созылмалы түріне ауысуына байланысты мүгедектікке, асқынған жағдайда тіпті өліммен аяқталуы мүмкін.

 Адамдарда эхинококкоз көптеген айлар, тіпті жылдар бойы клиникалық белгілерінсіз өтетін жағдайлар болады. Эхинококк адамның барлық дерлік мүшелері мен тілдеріне таралмауы мүмкін, көбінесе бауырда кездеседі.

Облыс көлемінде 2023 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша эхинококкоз ауруының 22 жағдайы анықталды. Орташа облыстық көрсеткіштен жоғары аурушандық Жаңақорған, Жалағаш, Сырдария және Шиелі  аудандарында орын алды.

Кәсіби құрамы бойынша жіктейтін болсақ, мектеп оқушылары –  4, жұмыссыздар – 8,  жұмысшылар мен қызметкерлерлер -5, зейнеткер, ұйымдаспаған балалар- 2, бала бақша баласы -1.

Науқастанғандардың 15 жағдайында эхинококкоз кистасы бауырда, қалған 7 жағдайда өкпеде орналасқан.

Эхинококкоз ауруы ошақтарында эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеу  жүргізіліп, қарым-қатынастағылар анықталып, ошақта індетке қарсы алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Есепті мерзімде тіркелген эхинококкоз ауруының 36,4% үй жануарларымен  (ит) байланысты, 6 жағдайда алиментарлы жолмен жұқтырылғаны анықталған.  

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті паразиттерді жұқтырып алмас үшін бірнеше ережелерді сақтауға кеңес береді:

– қарапайым жеке бас гигиенасын орындау, көшеден келгеннен кейін, тамақтанар алдында, ақшамен, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу;

– қаңғыбас иттерге жақындамау, үй жануары бар болса жүйелі түрде ветеринарлық клиникаға тексертіп отыру. Міндетті түрде жануарды дегельминтизациялаудан өткізіп отыру.

– көкөністер мен жеміс-жидектерді, тіпті өз бақшаңыздан алынған болса да мұқият жуу;

– егер қауіпсіздігіне күмәндансаңыз суды ішпеу, сондай-ақ ондай суды ас дайындау үшін пайдаланбау;

– тағамға тек термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдалану;

– асүйді шыбын-шіркейден таза ұстау. Мысалы, терезелерге қорғаныш тор бекіту, дайын тағамдардың бетін жауып қою;

– балық және ет тағамдарын әзірлеу қағидаларын сақтау;

– аурудың белгілері байқалған болса, дәрігер көмегіне жүгіну.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: