Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Медициналық қалдықтарды жою талаптарын бұзғандарға 10 млн-нан астам айыппұл салынды

16.01.2023

843 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Медициналық қалдықтарды жою аса ұқыптылық пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі қауіпті қалдықтарды жою талапқа сай жүргізілмесе,  қоқыс жинаушылар, медицина қызметкерлері, пациенттер және жалпы қоғам арасында инфекцияның таралуы нәтижесінде аурудың қайталама берілуіне үлкен қауіп төндіреді.

Қызылорда облысында орналасқан медициналық ұйымдарда пайда болған медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару денсаулық сақтау нысанында қабылданған медициналық қалдықтармен жұмыс жасау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Бұл кесте қалдықтардың сандық, сапалық құрамын, жинау тәртібі, қолданылатын залалсыздандыру және жою тәсілдері мен персоналды медициналық қалдықтармен жұмыс істеудегі эпидемиялық қауіпсіздік ережелері бойынша гигиеналық оқытуды қамтиды. Облыстағы медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтармен жұмыс жүргізуге жауапты тұлғалар бекітілген. Персонал алдын ала және кезеңдік медициналық қараудан өткізіледі, арнайы киім комплектілерімен, жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілген.

Аймағымыздағы барлық дерлік медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтарды уақытша жинауға арналған үй-жайлар санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес жабдықталған. Қабырғалары, едені дезинфекциялауға, жууға төзімді материалдармен қапталған, салқын және ыстық сумен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен, сыйымдылықтарды жууға, залалсыздандыруға арналған ванналармен қамтылған.

Облыс бойынша медициналық ұйымдардың ішінде облыстық медициналық орталықта медициналық қалдықтарды жоюға арналған пеш-инсенератор, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында, Қызылорда облыстық оңалту орталығында және ҚР ДСМ «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» мен «Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы» филиалдарында медициналық қалдықтарды өртеуге арналған арнайы қондырғылар (муфельді пеш) жұмыс істейді.

Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан қалған медициналық мекемелерде медициналық қалдықтар «арнайы мамандандырылған мекемелермен келісім-шарт негізінде тасымалданып, жойылады.

2022 жылы облыс көлемінде А сыныбына – 523422,615 кг, Б сыныбына – 143029,80кг, В сыныбына – 101462,853 кг медициналық қалдық түзіліп, жойылды. Сонымен қатар Г сыныбына 180 кг қатты, 2,5 л сұйық түріндегі медициналық қалдық және 404 дана термометр, 951 дана бактерицидтік шамдар, 767 дана салқын жарықтандыру шамдары пайда болған.

Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жою бойынша жұмыстармен айналысатын мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыру қажет. Бұл мақсатта санитариялық ағарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Атап айтқанда, Департамент мамандарымен 2022 жылы «Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды тиімді ұйымдастыру және жүргізудің өзекті мәселелері», «Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, уақытша сақтау және жоюды ұйымдастыру»тақырыбында, «Аса қауіпті жұқпалы және паразитарлық инфекциялармен ауруханаішілік аурулардың алдын алу, болдырмау шаралары», «Медициналық қалдықтардың айналымына санитариялық – эпидемиологиялық бақылау және қадағалауды тиімді ұйымдастыру туралы»тақырыбындасеминар сабақтар өтті.

Облыс бойынша қауіпсіз жою қораптарымен қамтылу көрсеткіші – 100 пайызды құрайды.

2022 жыл көлемінде облыстағы денсаулық сақтау объектілеріне медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру, тасымалдау және жоюдағы санитариялық қағидалардың сақталуына жүргізілген ерекше тәртіп бойынша, жоспардан тыс тексерулер барысында анықталған кемшіліктер бойынша барлығы 10 млн 536 мың 720 теңге сомаға 216 айыппұл (2-уі лауазымды тұлғаға, 214-і жеке тұлғаға) салынып, барлығы да өндірілді. 35 санитарлық ұйғарым беріліп, барлығы дерлік уақытылы орындалды.

Медициналық қалдықтармен жұмыстың дұрыс жүргізілуі Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нің тұрақты бақылауында және проблемалық мәселелер мүдделі органдармен бірлесіп тұрақты түрде қаралып, талқыланады.

Қызылорда облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы                                 Динара Жанабергенова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: