Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 13 мыңға жуық адам тегін медициналық көмек алған

18.05.2023

662 0

Жұқпалы аурулар ауруханасының пациенттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетіледі. Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына шетелдік азаматтар да жүгінеді.

Жыл басынан бері облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 3,5 мыңға жуық адам ем алды. Олардың қатарында Нигерия азаматы Нвоке Точукву (аты-жөні өзгертілген) бар. Шетелдік азамат шұғыл түрде «желшешек» ауруымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына шұғыл жеткізілді. Диагноз расталды. Ол ауруханаға жатқызудан бас тартты. Желшешекті емдеу үйде жүргізілді. Нвоке Точукву аурухана дәрігерлеріне алғысын білдіреді.

«Дәрігердің кеңес алып тағайындауларын алдым. Үйде емделдім. Себебі желшешек ауа тамшылары арқылы берілетін жедел жұқпалы ауру болғандықтан оқшауланғанмын. 14 күннен кейін ауруханада сынақтарды қайта тапсырдым. Сауығып кеттім. Қазақстанда уақытша тұрамын. Дәрігерлерге мың алғыс», – дейді Нвоке Точукву.

Шетел азаматтарына айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру диагнозы қойылса, олар медициналық көмек ала алады. Медициналық көмектің түрлері мен көлемдері ҚР ДСМ 2020 жылғы 9 қазандағы №121 бұйрығымен бекітілген. Медициналық көмек ТМККК шеңберінде беріледі.

«Науқас, Нигерия азаматы, ҚР-да тұруға рұқсаты жоқ, емханаға тіркелмеген. Мұндай шетелдік азаматтар кенеттен болған жағдайлар мен олардың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және жүктілік кезіндегі шұғыл жағдайлар кезінде жедел және шұғыл медициналық көмекті пайдалана алады. Науқастың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қаупі жойылып, науқасты тасымалдау мүмкін болған сәттен бастап медициналық көмек ақылы негізде көрсетіледі», – деп атап өтті қабылдау бөлімшесінің аға медбикесі Орынкүл Күзібаева.

2022 жылы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 13 мыңға жуық адам ем алды. Бұл мақсатқа ТМККК шеңберінде медициналық сақтандыру қорынан 1,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарды екі көзден қаржыландырады – ТМККК және МӘМС.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың хабарлауынша, 2023 жылы аймақтың 108 медициналық ұйымымен 101,7 млрд теңге сомасына шарт жасалды, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 59,6 млрд теңге, МӘМС – 42,1 теңге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: