Дүйсенбі, 03 ақпан, 23:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Өнімдер қауіпсіздігіне мониторинг жүргізілді

03.02.2025

9 0

Сурет:gorses.ru

Бүгінгі таңда тұтынушылар үшін дүкен сөрелерінде таңдау межесі өте кең. Дегенмен оның барлығы бірдей қауіпсіз әрі сапалы бола бермейтіні анық. Қаптаманың арғы жағында не жатқанын білу – саналы таңдау жасау үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен өнімдер қауіпсіздігін бақылау мақсатында мониторингілеу тұрақты түрде жүргізіледі.
2024 жылдың тамыз-желтоқсан айларында бекітілген жоспар-кестеге сәйкес барлығы 432 өнім сынамасы сатып алынды. Өнім түрлерімен жіктейтін болсақ:
тамақ өнімдері – 330 үлгі, оның ішінде сүт және сүт өнімдері – 50, ет және ет өнімдері – 29, құс еті және оның өнімдері – 31, балық және балық өнімдері – 12, май өнімдері – 24, кондитерлік өнімдер – 32, ұн, макарон, жарма өнімдері – 40, арнайыландырылған тағам өнімдері (балалар тағамы) – 39, биологиялық белсенді қоспалар – 3, алкогольсіз сусындар – 32, шырындар – 4, көкөністер мен жеміс-жидектер – 14, ыдысқа буып-түйілген ауыз су – 7, емдік, минералды сулар – 2, алкогольді өнімдер-1, өзге де тамақ өнімдері- 10;
тамақ емес өнімдер – 102 үлгі, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдері (мектеп формасы) – 18, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер – 32, оның ішінде ойыншықтар – 40, жеке гигиена заттары – 12, тағам өнімдерімен жанасатындар – 12, парфюмерлік-косметикалық бұйымдар –9, тұрмыстық-химия заттары- 16, темекі өнімдері- 3.
Барлық сынамалар Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облыстық филиалына зертханалық сараптамалар жүргізу үшін тапсырылды. Нәтижесі бойынша 432 сынаманың 111 немесе 25,7% техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді. Басым көпшілігі таңбалануы бойынша талаптарға сай болмай шықты, атап айтқанда өнім өндірушінің атауы, шыққан жері, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары көрсетілмеген, сондай-ақ мемлекеттік тілде ақпараттар берілмеген. Бұдан бөлек, физикалық-химиялық көрсеткіші бойынша 2 сынама, органолептикалық көрсеткіштері бойынша 3 сынама және физикалық факторлар бойынша 10 сынама техникалық регламентке сәйкес келген жоқ.
Сәйкессіздіктер анықталған 111 сынаманың басым көпшілігі, яғни 52,2% Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және 45,1% өзге елдердің өнімдерін құрады, ал отандық өнімдердің үлесі 2,7%.
Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 30 сауда объектісіне өнімді кері қайтарып алу түрінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылар берілді. Сонымен қатар май өнімдері, кондитерлік өнімдер, көкөністер мен жеміс-жидектер және балалар ойыншықтары мен балалардың жаңа жылдық мерекеге арналған киімдер сатылымнан алынып тасталды. Ал таңбалануы сәйкес келмейтін алкогольсіз сусындарға қатысты түскен арыздар бойынша тексерулер нәтижесімен 4 сауда нысандарының иелеріне жалпы соммасы 673 790 теңге айыппұл салынды.
Жыл көлемінде халық арасында тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық регламенттер, санитариялық қағидалар, сапалы және қауіпсіз тағам өнімдерін пайдалану, тағам өнімінің қауіпсіздігін қадағалау тақырыптарында тағам өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, сатумен айналысатын кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, тұтынушылар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілді. Халықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету бағытындағы аталған жұмыстар әрі қарай да жалғасатын болады.

Қызылорда облысының СЭБД басшы міндетін атқарушы Е. Ұзақбаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: