Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Қазақ тарихында жоқ»: Қазақстанда хиджама жасайтындарға лицензия берілмейді

03.02.2023

668 0

Соңғы уақытта Қазақстанда ауруды қан шығару тәсілі арқылы емдейтіндер көбейген. Мамандар бұл тәсілдің денсаулыққа кері әсері болуы мүмкін екенін айтады. Себебі қан шығаруға мүлдем болмайтын жағдайлар болады. Дәрігерлер бұл процедураны қадағалап, заңмен реттеу қажет екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жаңа туған нәрестенің маңдайын тіліп, қан шығарып жатқан емшінің әрекеті көптің жағасын ұстатқан еді. Онда нәрестеге хиджама жасап жатқанын көруге болады. Ал кәсіби медицина мамандары бұл процедураның медициналық қызмет түріне жатпайтынын айтады. Шертпе емі медицинаға енбеген екен. Дегенмен қазір курс оқып, сертификат алғандар мұны кәсіпке айналдырды деп дабыл қақты.  

“Хиджаманы біз 2 жылдан бері ғана естіп жатырмыз. Ол қазақ тарихында жоқ. Хиджаманы қайдан үйрендің десе “бәленбай дәрігер ашқан курсқа бардым, 10 күн үйретті. Міне сертификат” дейді. Бір тамшы қанның сұрауы бар. Іс жүзінде оны да ақшаның көзіне айналдырды, одан қанша адамдардың көзі көрмей қалады, қанша адам минингит болады. Мүмкін уақытша қан қысымы түскен болар. Жүйке жүйесін кесіп тастаса, уақытша шаншу тоқтайды. Ал іс жүзінде қандай зардап болатынын халық қайдан біледі?”, – деді  медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлы.

Хижама дәстүрлі медицинаға жатпайтындықтан бұл процедура заңнамада жоқ. Сәйкесінше лицензия да берілмейді. Ал хиджама жасайтындар аурудан 100% айықтыруға уәде бере алмайтынын айтады.

“Гимафилия ауруы барларға хиджама жасауға болмайды. Бұл қанның сұйықтығы, жалпы қан сараптамасын алу керек, диабет болмау керек, қызу болмау керек. Өйткені қызу көтерілсе болған кезде бастан қан алмаймыз, денеден ала береміз. Бірақ, айтып қояйын, барлығына бере қоймайды , біреуіне ем болып жатады, біреуіне ем болмайды. Сондықтан, біз алдын ала адамдар келіп жатқанда 100% бұл саған көмектеседі деп айтпаймыз”, – деді хиджама жасаушы Қарлығаш Байкенова.

Бұл ғана емес, халық емі деп омыртқаны балғамен ұрып емдейтіндер шыққан. Арнайы мамандар оның да зардабы барын айтады.

“Манулдық терапияда дұрыс диагноз қою үшін арнайы әдістер бар. Алақанмен сипау сияқты техникалар қолданылады. Қолмен соққылау әдісі бүйрек аймағында өте мұқият жасалуы керек. Себебі ішкі ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Алайда балғамен ұру дегенді мен құптамаймын. Бүгінде тіпті онлайн оқып, сертификатым бар деп жұмыс істеп жүргендер бар. Дәрігер емес, мұндай мамандарға қалай сенуге болады?” – деді мануалды терапевт Юрий Пак.

Ал нәрестеге хиджама жасағандар заң бойынша жауап береді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайды арнайы бақылауға алды. Әрі хиджама орталықтарының да жұмысы тексеріледі.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сәбиге хиджама жасағандарға қатысты пікір білдірген еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: