Сенбі, 27 сәуiр, 03:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді

09.01.2023

441 0

 «ҚазАавтоЖол» ҰК» АҚ таяу аптада ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жүргізушілерге үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Дизельмен жүретін көліктердің отын жүйесі қатып қалуы ықтимал. Осыған байланысты республикалық маңыздағы күре жолдарда штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін ұлттық оператор бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізеді.

Республикалық автожолдарды пайдаланушыларды алыс сапарға шықпауға және ауа райы болжамын жіті бақылап отыруға шақырамыз», – делінген компания мәліметінде.
Еске салайық, автожолдар бойынша ахуалды «1403» байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: