Сәрсенбі, 16 қазан, 06:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

2021 жылы Қызылордада 1910 жеке тұрғын үй салынған

03.02.2022

1184 0

Баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғабит Қожахметов 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

– 2021 жылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру құзыреттілігі сәулет және қала құрылысы органдарына жүктелді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру Қағидалары» әзірленді. Қағидалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысына берудің жаңа тәртібі белгіленіп, жер алу тәртібі өзгертілді. Қазіргі уақытта осы тәртіп бойынша сәулет бөлімі тарапынан тиісті шаралар жүргізілуде,- деді бөлім басшысы.

Бөлім тарапынан қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытында сыртқы жарнама нысандарының уақытылы жаңартылуы және көше-жол торабына төгілген құрылыс материалдары мен заңсыз қойылған дүңгершектерді алу бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

2021 жылы өз бетінше салынған және заңнама талаптары бұзылып салынған 43 кәсіпкерлік нысан бойынша Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына тиісті ақпарат берілген.

Сонымен қатар, қызыл сызық талабын бұзып тұрған тұрғын үйлер бойынша 76 тұрғын үй мен коммерциялық нысандардың меншік иелерімен тиісті жұмыстар жүргізіліп, артық қоршаулары алынған.

Айта кету керек, 2021 жылы қала бойынша жалпы ауданы 287,5 мың шаршы метрді құраған – 1910 жеке тұрғын үй және жалпы ауданы 109,9 мың шаршы метр болатын 26 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға қабылданды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: