Сенбі, 21 желтоқсан, 19:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ЭКО жасауға зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат берді

29.01.2021

2067 0

Қазақстанда экстракорпоралдық ұрықтандыру (ДТҰ) рәсімін жүргізуге зейнетақы жинақтарын алуға рұқсат етіледі. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сіздерді қуантуға асығып отырмын, бізді естіді. Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобының отырысында кәсіби мамандардың пікірлері болды. Енді ережелерге сегізінші мақсат қосылды, ол «көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. Бұл ЭКҰ процедурасын да білдіреді», – деді Ибрагимова.

«Отбасы банкі» басшысының айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін келесі аптада жариялайды.

«Келесі аптада бұл ережелер күшіне енеді деп күтеміз. Репродукция проблемалары бар барлық отбасыларда зейнетақы жинақтары есебінен ЭКО жасауға мүмкіндік болады», – деп қосты ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: