Сенбі, 27 сәуiр, 02:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның үздік дәрігерлеріне 3 миллион теңгеден беріледі

19.09.2022

658 0

Елімізде дәрігерлерге арналған мемлекеттік және ведомстволық наградалар қарастырылып отыр. Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, заң жобасы аясында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» бағыты бойынша жылына 3 атақ беріледі. Бұл тұрғыда 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем ұсынылып отыр. Сондай-ақ саладағы үздің маман атты республикалық конкурстың 17 жеңімпазына 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем аударылады.

«Жыл сайын медицина қызметкерлерінің күнінде елімізде ең үздің дәрігерлер анықталады. «Үздің ауыл дәрігері», «Үздік жалпы практикадағы дәрігер», «Үздік хирург» және басқа да мамандарды анықтап келдік. Енді заң жүзінде үздік дәрігерлердің марапаты белгіленіп, оларға айылық есептік көрсеткіш арқылы сыйақы беріледі», – деді Ажар Ғиният.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: