Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында ауыз сумен байланысты инфекциялық аурулар тіркелген жоқ

05.04.2022

1072 0

Қызылорда облысының халқына берілетін ауыз сумен жабдықтаудың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс. Ауыз судың эпидемияға қатысты қауіпсіздігі оның микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша нормативтерге сәйкес келуімен айқындалады.

Ауыз судың қауіпсіздігін бақылау үшін жүргізілетін зерттеулер жоспарлы түрде, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша өткізіледі.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қадағалауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде 83,4%  орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 16,6% орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері. Қызылорда облысының халқы негізінен жер асты су көздерімен қамтамасыз етілген.

2022 жылдың І-жартыжылдығына арналған санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер кестесіне сәйкес 52 объекті тексерілді. Нәтижесінде санитариялық ережелерді бұзғаны үшін 2 санитарлық ұйғарым беріліп, анықталған  бұзушылықтар бойынша 964 745 теңгеге 5 айыппұл салынды.  

Облыс көлемінде 2022 жылдың 3 айында орталықтандырылған ауыз судың санитариялық химиялық көрсеткіштеріне 189 су сынамасы алынды. 12 үлгі белгіленген талаптарға сәйкес келмеді, су сапасының сәйкессіздігі 6,3 пайызды құрады (құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфат көрсеткіштері бойынша). Ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштеріне  253 су сынамасы алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ.

2022 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен Қызылорда облысында халық арасында су факторымен байланысты инфекциялық сипаттағы аурулар тіркелген жоқ.

Қызылорда облысы Сырдария өзенін бойлай орналасқандықтан көктем мезгілінде су тасқыны қаупі жыл сайын болады. Оған қарсы шаралар тұрақты жүргізіледі. Наурыз айында «Көктем-2022» оқу-жатығу шарасы өтті. Оған тиісті мекеме мамандарымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының қызметкерлері де қатысты. Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алуда санитариялық-гигиеналық іс-шаралар да өте маңызды. Себебі  су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін. Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, соның ішінде энтеровирустар, гепатит А, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз жиі кездеседі. Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су тасқыны кезінде түрлі аурулардың алдын алу үшін тұрғындардың келесі қарапайым және тиімді ережелерді сақтауы қажеттігін ескертеді:

– Дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындау және тамақтану алдында, жеке учаскеде жұмыс істегеннен кейін қолды сабынмен мұқият жуу.

– Ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.

– Тамаққа термиялық өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін қолдану.

– Жеке гигиена ережелерін сақтау.

– Көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен мұқият жуу.

– Тұрғын үй-жайларды және ауланы таза ұстау.

– Толтырылуына қарай қазылған шұңқырларды тартып тұру.

– Ауыз су мақсатында пайдаланылатын ұңғымаларды тазарту, дезинфекциялау.

– Тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау.

– Жеке учаскеде жұмыс істеген кезде қолды қорғау құралдарын қолдану.

Сақтық шаралары ғана індетті тоқтата алатындығын ұмытпаңыз.

Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: