Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында қызылшаға қарсы алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуде

29.11.2023

619 0

Бүгінгі күні қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру бойынша алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде.

Атап айтқанда, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 14 наурыздағы №1 Қаулысына сәйкес:

1) шетелдік азаматтарды қоса алғанда ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін қызылшамен ауыратын  науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдарға шұғыл вакцинация жүргізілуде;

3) аурудың соңғы жағдайы анықталған сәтінен бастап 21 тәуліктің ішінде байланыста болған адамдар күнделікті медициналық бақылауға алынуда;

4) вакцинациялаумен төмен қамтылған, халықтың қиын қолжетімді топтары бар және көшіп-қонушылардың, тіркелмеген адамдардың саны жоғары аумақтарға аса назар аудара отырып,  өңір бойынша 30 жасқа дейінгі адамдардың егілуіне талдау жүргізу, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында қызылшаға қарсы егілмеген және егілуі туралы деректері жоқ адамдар анықталған кезде ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін оларды бір рет иммундау бойынша шаралар қабылдануда;

5) ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін бұрын қызылшаға қарсы егілмеген 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін вакцинациялау жүргізілуде.

Сонымен қатар вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасы және иммундаудан бас тартулар салдары бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы күшейтілді.

Бұдан бөлек, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 01 қарашадағы №7 Қаулысына сәйкес Республика көлемінде қызылша ауруының 70%-дан астамын егілмеген балалар құрайтын, қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында а.ж. 06 қарашасынан бастап 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларды ауруға қарсы қосымша егу жүргізіліп жатыр.

Құрметті облыс тұрғындары! Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барша ата-аналарды балаларға қызылшаға қарсы екпені уақытылы алуға кеңес береді. Себебі қауіп тобында – екпе алмаған балалар. Қызылша ауруы өте жұқпалы ауру және ауа-тамшылары арқылы жұғатындықтан вакцина алмаған азаматтар үшін ауруға шалдығу қаупі жоғары екендігін еске саламыз. Қызылшаның арнайы емі жоқ, тек екпе алу арқылы ғана алдын алуға болады.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: