Жұма, 03 мамыр, 20:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

 Қазақстандық сарапшылар мемлекеттің бюджетті жаратуын сынға алды

20.04.2024

317 0

Сурет:stan.kz

Қазақстандық сарапшылар елдегі сумен жабдықтау жүйесін сынға алды. Айтуыларынша  14 жылда үкімет су және кәріз желілерін дамытуға бір триллион теңгеден астам инвестиция салса да, қазір олардың жартысының тозығы жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сарашылар елдегі жемқорлықтың кесірінен сумен жабдықтау және су бұру саласы қайғылы жағдайда тұрғанын айтады. Елімізде халықтың 98%-ы ауыз суға қол жеткізе алатын қауқар бар. Алайда іс жүзінде көптеген шағын қалалар мен ауылдарда бірнеше апта бойы су өшіп, ауыз судың сапасы жиі нашарлайды. Су тазарту қондырғылары да үнемі істен шығады.

“Мәселен, Астана қаласында НФС-3, 50 миллиардтан астам теңгеге салынды. Сарапшылардың пікірінше, оны екі есе төмен бағада салуға болатын еді. Новоишимка ауылында қажеттілік 12 есеге асып түсті. Түркістан қаласында қажеттілік 4 есе. Бұл апатты деп танылған су тазарту қондырғылары”, – деді «Еуразиялық инновацияларды дамыту қоры» КҚ басшысы Болат Қасымов.

Сарапшылардың айтуынша, тәуелсіздіктің 33 жылында Қазақстанның Ұлттық қорында шамамен 65 миллиард доллар жиналған. Салыстырмалы түрде Норвегия қоры 1 триллион 600 миллиард доллар жинаған. Олардың табысы мұнай-газ саласынан түседі. Ал сарапшылар неге біздің елде Норвегияға қарағанда 24 есе аз қаражат жиналғанына таңданады. Себебі бізде мұнай мен газдың үлкен қорынан басқа көптеген пайдалы қазбалар бар.

“Нарықтық экономика жолымен жүрмейтіндігіміздің кесірі бізді қаржылық дағдарысқа алып келеді. Мемлекет жол салуға, электр энергиясын құруға және бизнесті субсидиялауға тырысады. Нәтижесінде, бұл сыбайлас жемқорлық схемаларына және бюджетті жаппай ұрлауға тікелей жол ашады”, – деді экономист Мұрат Темірханов.

«Әділдік Жолы»ҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов салаға бөлінген ақша іс жүзінде 80% – ға дейін игерілгенін алға тартты. 

“Бірақ нәтиже бермеді. Бүгінде бұл 200 миллиард теңгеге 70 нысан бар. Бұл соңғы үш жылдағы нысандар. Бұған КСС, сумен жабдықтау кірмейді. Біз ауруханалар, мектептер сияқты нысандарды алдық. Олар әлеуметтік бағытта салынған. Дегенмен олардың да аяқталмай тұрғандары бар”,- деді ол.

Сарапшылар мәселеден шығу үшін мемлекеттік бюджеттегі ақша қозғалысын толығымен ашық ету қажет екеін алға тартты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: