Сәрсенбі, 24 сәуiр, 05:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ауыл әкімі оқушылармен кездесті

16.04.2022

1111 0

Сонымен қатар 9-11 сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбындағы дөң­­гелек үстелге қатысып, оқу­шы­лардың қойған сұрақтарына жауап берді. Бітіруші түлектерге алдағы сынақтан мүдірмей өтіп, қалаған мамандықтарының иесі болуға тілек білдірді.

– Ауыл мерейін асырған та­лапты түлектер, сіздерге және білікті ұстаздарға алғысым ерек­ше. Жылдағы ҰБТ көрсеткіші бойынша мектептің жоғары нәтижесін естіп, көріп келеміз. Осы үрдіс бәсеңдеп қалмай, алдағы ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп, ауы­лымыздың мақтанышы болады деп сенемін. Үлкен сынақта сәт­тілік серік болсын, – деді ауыл әкімі Еркін Әбдірайханұлы.

Аталған шарада білім-ғылым­ға бет бұрып, республикалық және облыстық, қалалық олим­пиадаларда дара шауып, жүлдегер атанған дарынды оқушылар әкім­мен пікір алмасып, көкейтесті сұрақтарын қойды. Олар қол жеткізген жетістіктері мен алдағы жоспар туралы сөз қозғады. Жет­кіншектер алдағы білім олим­пиадаларына қатысып, топ жар­ғандар қатарын толықтыруға уәде берді. Әкім егемен елдің тізгінін ұстайтын өскелең ұр­пақтың оқу­дағы нәтижелеріне тәнті болды.

– Биыл мектепті 11 оқушы бітіріп, үлкен өмірге аяқ басқалы тұр. Оның ішінде 2 үздік оқу­шымыз бар. Екеуі де қалалық, облыстық олипиадалардың жеңім­­пазы. Бітірушілер ішінде физика-математиканы да, шы­ғар­машалықты да таңдаған оқу­шыларымыз бар. Олар дәрігер, ІТ, құрылысшы, мұғалім, дизайнер, аспаз, шаштараз секілді сұ­ранысқа ие мамандықтарды таң­дауда. Балалар қандай ма­мандық таңдаса да, жақсы нә­тиже көрсетеріне біз сенеміз. Бәрінен үміт күтуге болады, – деді  биология пәнінің мұғалімі, 11 сынып жетекшісі Гүлмира Ахметова.

Бүгінде бұл мектепте 547 оқу­­шы білім алуда. Оның ішінде 359 оқушы түрлі үйірмемен қам­тылған. Бұл жалпы оқушының 65 процентін құрайды. Қазіргі таңда білім ордасында спорт, қолөнер, өнер салалары бойынша 17 үйірме жұмыс істеп тұр.

– Біздер өздеріңе сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Ауылда, оның ішінде осы білім ошағында жыл сайын бала саны артып, соған сай білім сапасы да артуда. Сіздер үшін мемлекет қолдан келгеннің бәрін жасайды. Білімді, өнерлі адам қашан да өз жолын адаспай табады. Болашақ сіздердің қолда­рыңызда. Сон­дықтан білім алуда аянып қалмаңыздар, – деді ауыл әкімі Еркін Ахетов.

Оқушылар ауыл әкіміне өзде­рінің ұсыныс-тілектерін білдіріп, естелік суретке түсті. Кездесу соңында ауыл әкімі мектеп ау­ласында орналасқан «Ауыл әкімі» аллеясына оқушылармен бірге тал көшеттерін екті.

Ақтілек БЕРДІБАЙҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: